қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
16.11.2017

Құрметті студенттер!

 

Академик Шахмардан Есенов атындағы Ғылыми-білім беру қоры шетелде жұмыс істейтін қазақстандық ғалымдармен бірге докторантураға түсуге ниет білдірген студенттер үшін әлемнің зертханаларында жазғы тағылымдама бағдарламасын ұсынады.
Бағдарламаның мақсаты болашақта ғылыми қызметпен айналысқысы және мемлекеттің ғылыми әлеуетін дамытуға үлес қосқысы келетін дарынды қазақстандық студенттерді іздеу, іріктеу және қолдау болып табылады.
Жобаның міндеттері:
1. Қазақстанда ғылым мен ғылыми-зерттеу қызметін дамытуға жігері бар дарынды үміткерлерді таңдау;
2. Студенттерге тағылымдамадан өту үшін тиісті зертханаларды және профессорларды іздестіруде барынша көмек көрсету;
3. Тағылымдамаға тиісті ұсынымдар беруге, бағыт-бағдар көрсетуге дайын кеңесшілер тобын қалыптастыру.
Жобаның мерзімі: 2017 жылдың қараша айынан - 2018 жылдың қыркүйегіне дейін.
1 кезең: 2017 жылдың қараша-желтоқсан айлары - студенттерге мәлімет беру, хабардар ету;
2 кезең: 2017 жылдың желтоқсан айы - 2018 жылдың қаңтар айы - іріктеу, жеңімпаздарды анықтау;
3 кезең: 2018 жылдың қаңтар-наурыз айлары - үміткерлермен жұмыс (бағдарламаларды іздестіру, профессорлармен хат алмасу, эссе жазу, құжаттар жинау, зертханаларға өтініш беру және т.б.);
4 кезең: 2018 жылдың наурыз-сәуір айлары - нәтижелерді алу;
5 кезең: 2018 жылдың мамыр айы - демеушілік көмек көрсету;
6 кезең: 2018 жылдың маусым - тамыз айлары - тағылымдама;
7 кезең: 2018 жылдың қыркүйегі - есептерді алу, қорытындылау;
Жоба байқау форматында өткізіледі:
1. Қорға түскен өтініштер негізінде байқау өткізу
2. Тренинг / сұхбаттасу форматы бойынша байқау өткізу.

Өтініш үлгісі
Бағдарлама туралы ереже

 

Байланыс телефоны: +7 727 346-92-88
Өтініш барлық құжаттармен бірге Қордың электрондық поштасына жіберілуі тиіс: info@yessenovfoundation.org