қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
10.11.2017

 

Біліктілікті арттыру курстарын өткізу туралы хабарландыру
 
2017 жылдың  14-15 қарашасында  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде "Абай атындағы ҚазҰПУ - Пушкин атындағы институт" серіктестігі аясында бекітілген үлгідегі құжат берілуімен орыс тілі оқытушыларының біліктілігін арттыру курстары өткізіледі.

Курс тақырыбы: «Орыс тілін ұлттық / шет тілі ретінде оқытудың өзекті мәселелері».
Бағдарламаның көлемі 16 сағат. Оқытушылар үшін бағдарламаға қатысу тегін.
Лекторлар - «А.С. Пушкин атындағы Мемлекеттік орыс тілі институты» федералдық мемлекеттік бюджеттік білім беру мекемесінің ғылыми және педагогикалық қызметкерлері, Мәскеу қаласы.

Өтетін орны мен уақыты: Абай атындағы ҚазҰПУ-дың бас оқу ғимараты, шағын конференц-зал (202 дәрісхана), сағат 14.00-ден 18.00-ге дейін.