қазақша · русский · english
   
Халықаралық білім берy бағдарламалар бөлімі

 

БАСЫМ БАҒЫТТАР

 

Халықаралық байланыстарды айқындау және қолдау, халықаралық әріптестік нысанында университет бөлімшелерінің жұмыстарын үйлестіру.
Мемлекеттік тапсырыс (дайындық курстары, факультеттерде оқу, магистратура, докторантура) және оқудың келісім-шарты негізінде мамандарды дайындауды бақылау және ұйымдастыру.
Университет студенттерінің халықаралық білім беретін бағдарламаларға қатысуын ұйымдастыру.
Ғылым және білім беретін бағдарламалар үшін демеушілер мен гранттарды іздестіру бойынша ұйымдастыру жұмыстары.
Білім және ғылым саласында шетел ЖОО-мен тәжірибе алмасуды ұйымдастыру.
Абай атындағы ҚазҰПУ-де халықаралық жобаларды іске асыру және онымен сабақтас басқа да қызметтер.
Әр түрлі халықаралық қорлармен және орталықтармен әріптестік.
Халықаралық ынтымақтастық нысанасында университет бөлімшелерінің қызметтерін үйлестіру.
Халықаралық ынтымақтастық нысанасында университет бөлімшелерінің жұмыстарының тиімділіктерін талдау және эксперттік бағасы.
Университетте жұмыс істеу үшін шетелдік мамандарды әзірлеу бойынша жұмыстар үйлестіру және ұйымдастыру


ФУНКЦИЯСЫ

 

Шетелдік мамандарды қабылдау бағдарламаларын факультеттермен бірге құрастыра отырып, осы бағдарламалар ЖОО факультеттерімен бірге іске асуын қадағалау.
Университет бөлімшелері арасында халықаралық студенттік бағдарламалар туралы мәліметтердің дер кезінде таралуы
Халықаралық бағдарламалар мен жобаларға студенттердің қатысуларын ұйымдастыру
Студенттер, магистранттар, докторанттар және Абай атындағы ҚазҰПУ оқытушылары арасында шетелдік университеттер және шетел гранттық бағдарламалары туралы буклеттердің таралуы.


ҚҰҚЫҚТАРЫ


Бөлім жұмыстарын жетілдіру және жақсарту бойынша Басшылыққа ұсыныстар негіздеу.
Ғылыми-тәжірибелік конференциялар өткізу, жоғары оқу орындар арасында ғылыми-тәжірибелік конференциялар, басқа да ұйымдар ұйымдастырған ғылыми конференцияларға қатысуды ұйымдастыру.
Халықаралық жобаларға қатысу
Бөлім жұмысы үшін тиімді шарттардың қамтамасыз етілуін талап ету.