қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
11.02.2020

«Менің пірім - Сүйінбай» атты ІV республикалық жас ақындар айтысы

 


 

Хәкім Абайдың 175 жылдығы аясында төл өнерімізді жаңғырту, айтыс өнерін кеңінен насихаттау, жас ақындардың суырып салмалық қабілеттерін шыңдау мақсатында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде алдағы 14-15 ақпан күндері «Менің пірім - Сүйінбай» атты ІV республикалық жас ақындар айтысы ұйымдастырылады.

 

Аламан додаға түсетін жас ақындардың айтысын Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері, «Айтыс ақындары мен жыршы-термешілер халықаралық одағы» басқармасының төрағасы Жүрсін Ерман бастаған айтыс өнерінің саңлақтары қазылық етеді.

 

Айтыстың жүлде қоры:

Бас жүлде - 350 000 теңге,

I-ші орын - 200 000 теңге,

II-ші орын - 150 000 теңге,

III-ші орын - 100 000 теңге.

 

Сонымен қатар, 50 000 теңгеден 12 арнайы жүлде қарастырылған. Атап айтқанда, «Әл-Фараби атындағы» арнайы жүлде, «Абай Құнанбаев» атындағы арнайы жүлде, «Сүйінбай Аронұлы» атындағы арнайы жүлде, «Жамбыл Жабаев» атындағы арнайы жүлде, «Біржан сал» атындағы арнайы жүлде, «Ақын Сара» атындағы арнайы жүлде, «Құлмамбет Құланаян ақын» атындағы арнайы жүлде, «Мұхтар Әуезов» атындағы арнайы жүлде, «Мәлік Ғабдуллин» атындағы арнайы жүлде, «Оразалы Досбосынов» атындағы арнайы жүлде, «Есенқұл Жақыпбеков» атындағы арнайы жүлде және «Ерік Асқаров» атындағы арнайы жүлде.

 

Айтысқа республикалық жоғары оқу орындарының 18-29 жас аралығындағы білім алушылары қатысады.

 

Айтыс екі кезеңде өтеді.

 

Іріктеу кезеңі 14 ақпан күні сағат 11.00-де Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті бас оқу ғимаратының конференц-залында өтеді. Мекенжайы: Достық даңғ., 13.

 

Ақтық кезең 15 ақпан күні сағат 11.00-де Жамбыл атындағы Қазақ мемлекеттік филармониясында өтеді. Мекенжайы: Қалдаяқов көш., 35.

 

Қосымша ақпарат алу үшін:

Қазына Бекбенбетова 87016642721,

 

Шұғайып Сезімхан 87757763802.

 

11.02.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com