қазақша · русский · english
   
Білімді бақылау жүйесі

 

Білім алушылардың оқу жетістігін бақылау үшін  келесі бақылаудың түрлері қолданылады:

- Ағымдық бақылау;

- Аралық бақылау;
- Қорытынды бақылау.

Оқу үлгерімінің ағымдық, аралық бақылау және қорытынды бақылау академиялық күнтізбеде бекітілген уақыттарда жүргізіледі.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, бұл - пән оқу бағдарламаларына сәйкес оқытушылардың ағымдағы жүргізген сабағын білім алушылардың игеруі мен оқудағы жетістіктерін жүйелі тексеру.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау пәннің оқу бағдарламаларына байланысты барлық тақырыптарды және аудиториялық (семинарлар, практикалық тапсырмалар, лабораториялық жұмыстар), аудиториядан тыс (үй тапсырмалары, СӨЖ тапсырмалары) тапсырмаларды қамтиды.

Рұқсат алу рейтингілік баға үлгерімді ағымдағы бақылау (аудиториядағы) мен аралық бақылау (аудиториядан тыс) бағалардан жинақталады.

Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылауда әр орындалған тапсырма (аудиториялық сабақтардағы оқу жұмысы, үй тапсырмасын тапсыру, СӨЖ, аралық бақылау) 100-баллдық шкаламен бағаланады. Үлгерімді ағымдық бақылаудың қорытынды нәтижесі академиялық период ағымында алған бағаларымен  орташа арифметикалық көрсеткіш жолымен есептеледі.

Аралық және қорытынды аттестация барысында білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де осы тәсіл қолданылады.

Білім алушының   ағымдық бақылау нәтижелері және білім бағаларының жазбалары тұрақты тіркеу арқылы жүргізіледі. 

Нәтижелерді жоғарылату мақсатында ағымдық бақылаудың бағаларын өзгертуге жол берілмейді.

Аралық бақылау - пән бойынша бір бөлімді (модульді) аяқтағаннан кейін жүргізілетін оқу жетістіктерін бақылау түрі болып табылады. Академиялық кезеңнің бір пән шегінде 2 реттен кем өткізілмейді (теориялық оқытудың 8-ші және 15-аптасында).

Ағымдық және аралық бақылаудың формасын пәннің бағытына қарай оқытушы бекітеді. Ағымдық және аралық бақылау коллоквиум, компьютерлік және бланктік тестілеу, жазбаша бақылау жұмыстары, диспуттар, дөңгелек столдар, іскерлік ойындар, мәселелі есептерді шығару түрінде жүргізілуі мүмкін.

Рұқсат алу рейтингілік бағасын есептеуде міндетті түрде оқу бағдарламасына сәйкес есептік-графикалық, курстық жұмыстардың бағасы есепке алынады. Курстық жұмыстың(жобалардың) кредит сыйымдылығы пәннің  кредит сыйымдылығына кіреді.

Рұқсат алу рейтингілік баға жинақтық балл ретінде көрініс алады, Рұқсат алу рейтингілік баға үлгерімді ағымдағы бақылау мен аралық бақылау бағалардан жинақталады (ереже бойынша екі аралық бақылау).  Суммалық семестрлік рейтинг балын 50%-дан төмен жинаған білім алушы емтиханға жіберілмейді.

Ағымдық, аралық  және білім алушылардың оқу жетістігін бақылауды пәнді оқытатын оқытушы (тьютор) өткізеді. Рұқсат алу рейтингілік баға пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 60% құрайды. Қорытынды бақылау аралық аттестаттау кезеңінде жүргізіледі. Қорытынды бақылаудың бағасы пән бойынша білімді қорытынды бағалаудың 30% -нан кем болмауы тиіс.  Ағымдық, аралық  және білім алушылардың оқу жетістігін бақылауды өткізуге жауапты  пәнді оқытатын оқытушы (тьютор) болады.

Қорытынды бақылау оқу бағдарламасын меңгеру сапасын анықтау мақсатында аралық аттестациясы кезеңінің нұсқаулығына сәйкес өткізіледі. Нұсқаулық бойынша егер пән бірнеше академиялық кезеңдерде оқытылып жатқан болса, онда қорытындық бақылау әр академиялық периодтағы пән бөліктері бойынша өткізіледі.

Қорытынды бақылау формалары:

  • Тестілеу;
  • Ауызша емтихан;
  • Жазбаша емтихан;
  • Дифференциалдық сынақ.

Емтиханды өткізу формасы мен тәртібі әр пән бойынша академиялық кезеңнің басталуына 1 ай уақыт қалғанда бекітіледі.

Білім алушы оқу бағдарламасы бойынша бекітілген жеке оқу жоспарына сәйкес барлық емтихандарды тапсыруы керек.

Білім алушының оқу жетістігін қорытынды бақылау үшін емтихан қабылдаушыға тіркеу бөлімінен академиялық кезеңде студенттің жинаған рұқсат алу рейтингілік бағасы енгізілген емтихан тізбесі беріледі. Емтиханда алынған жағымды немесе қанағаттанарлықсыз бағаларды емтихан қабылдаушы емтихан тізбесіне енгізеді. Емтихан қорытындылары емтихан тізбелеріне сәйкес емтихан аяқталғаннан кейін 48 сағат ішінде әдіскер-тіркеуші Интернетке енгізеді.

Пән бойынша аралық аттестация өкізу кезінде академиялық кезең ағымында емтиханнан алған бағасы, үлгерімді ағымдық бақылаудың орташа балы есепке алынады. Әр пәннен емтихан аяқталғаннан соң студентке оның оқу жетістігінің көрсеткіші болып табылатын қорытынды баға қойылады. Қорытынды баға рұқсат алу рейтингілік бағасынан және емтихан бағасынан жинақталады.

Жағымды қорытынды баға пән бойынша тіркелген кредиттерді меңгергенін көрсетіп, транскриптке енгізіледі.

Егер емтиханнан қанағаттанарлықсыз баға алған студенттің емтихан бойынша қорытынды бағсы саналмайды.

Ағымдағы аралық аттестация кезінде жағымды қорытынды баға қойылған емтихан оқу жетістігін жоғарылату үшін қайта тапсырылуға рұқсат етілмейді. Жағымды баға алу үшін студент келесі академиялық кезеңде  немесе қосымша семестрде қайтадан пән бойынша оқу бағдарламасында көрсетілген оқу сабақтарына қатысып, рұқсат алу рейтингілік бағасын алып,  қорытынды бақылауға қатысады. Бұл жағдайда студент оқу пәніне қайтадан тіркеледі.

Егер студент пән бағдарламасын толық меңгерсе, бірақ емтиханға келмесе, емтихан тізбесінде студенттің фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген белгі қояды. Дәлелді себептері болған жағдайда білім алушыға емтихан тапсыруға жеке график құрылады.  Студенттің емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда бағасы «қанағаттанарлықсыз» болып саналады.

Аралық аттестацияның жинақ тізбесін шығару үшін және меңгерілген кредит сандарын есептеу үшін емтихан тізбесі тіркеу бөліміне өткізіледі.

Емтиханға жіберу екі этаптан тұрады:

1)  Бірінші этапта факультет деканының (институт директоры) жалпы үкімімен білім алушыларды төлемақысынан қарызы болмаған жағдайда, пререквизит бойынша академиялық қарызы болмағанда, академиялық демалыс және ұзақ емделу уақытында емес студенттерге емтиханға қатысу рұқсаты беріледі.

2)   Екінші этапта  рұқсат алу рейтингілік бағасын (ағымдық және аралық бақылау қорытындысы) алған студенттерге сол пәннен емтиханға қатысуға автоматты түрде рұқсат етіледі. Бұл жағдайда рұқсат беру тіркеу бөлімінде емтихан тізбесіндегі студент фамиялиясының тұсына белгі қою арқылы жүзеге асырылады.

Жағымды рұқсат алу рейтингілік бағасы н алмаған студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.

Курстық жұмыстарды (жобалар)  тапсырмаған студенттер пән бойынша емтиханға жіберілмейді.

Ал басқа да жағдайларда (ауырып қалса, отбысылық және қызметтік жағдайларда) студентке жеке график бойынша емтихан тапсыруға рұқсат етіледі.