қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
29.11.2017

 

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

БАСПАСӨЗ ХАБАРЛАМАСЫ
 
«Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығының ашылуы


2017 жылдың 30 қараша күні Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінде «Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығының салтанатты ашылу рәсімі өтеді.

 

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығы Мемлекет басшысының «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» жолдауында көрсетілген мемлекеттік қызмет көрсету сапасын жақсарту және білім беру жүйесін өзгерту туралы тапсырмаларды орындау аясында құрылған.

 

«Шапағат» студенттерге сандық қызмет көрсету орталығының ашылуы студенттерге қызмет көрсетудің сапасы мен мәдениетін жақсартуға ықпал ететін болады, ал оның басты мақсаты студенттерге «бір терезе» қағидаты бойынша уақтылы және тиімді қызмет көрсету үшін жағдай жасау болып табылады. Бұл орталықта студенттер, магистранттар, докторанттар және ата-аналар қажетті құжаттарды, ауысу, қабылдау және шығару анықтамаларын, білім беру бағдарламалары бойынша кеңестер және басқа да сұрақтар  бойынша ақпарат ала алады.

«Шапағат» ССҚКО-ның ашылуында көрермендерге қызмет көрсетудің соңғы автоматтандырылған жүйелері көрсетіледі.

 

«Шапағат» студенттерге  сандық қызмет көрсету орталығының  ашылу рәсіміне  Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  ректоры, профессор Такир Балықбаев, қоғам қайраткерлері, сондай-ақ университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері қатысады.

 

Шараның өткізілетін күні мен уақыты: 30 қараша 2017 жыл, сағат 11:00

Өтетін орны: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі, 30, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті, №1 оқу ғимараты

Байланыс телефондары:  87021658537- Тимур