
Негізгі бет /
БАҚ біз туралы
03.03.2020
Алматыда "Гүлден көктем" мәдени көрмесі ашылды
«Гүлденген көктем». Бүгін Алматы музейінде осындай атпен мерекелік көңіл-күй сыйлау мақсатында мәдени көрме ашылды, деп хабарлайды Almaty.tv.
Көрмеде дизайн саласының оқытушылары мен студенттердің туындылары бірдей дәрежеде көрерменге ұсынылды. Биыл алғаш рет ұйымдастырылған шарада кескіндеме суреттер, киім эскиздері мен түрлі қолөнер туындылары қойылған. Өнер көрмесі 12 наурызға дейін ашық.
«Ең алдымен көрмеден ұстаз бен студенттің арасындағы байланысты, өнердегі байланысты көруге болады. Бірі кәсіби маман, екіншісі студент болғанымен, тең дәрежедегі адамдардың өнерін байқаймыз. Студент кезде де жоғары нәтижеге қол жеткізуге болады», - деді Абай атындағы қазақ ұлттық педагогикалық университеті, Өнер, мәдениет және спорт институтының директоры Тоққожа ҚОЖАҒҰЛОВ.
03.03.2020 ж. Ақпарат көзі: almaty.tv Кері оралу |
|
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 8 (727) 390 60 05
Қабылдау комиссиясы/Call-центр: 8 (727) 390 60 04 8 (700) 390 60 04 8 (727) 291 57 68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Кірушілер статистикасы
|