қазақша · русский · english
   
Іс-тәжірибені ұйымдастыру және өткізу

 

ЖОО-да мамандықтар бойынша іс-тәжірибе өткізуге арналған келісім шарттар мен қорлар


Кәсіби тәжірибе жоғарғы білім беру оқу бағдарламаларының міндетті компаненті болып табылады. Ол оқу, педагогикалық, өндірістік және диплом алды өндірістік тәжірибесі болып бөлінеді. Кәсіби іс-тәжірибенің барлық түрлерінің жалпы көлемі 6 кредиттен кем емес, "Білім" тобы мамандықтары бойынша 6-дан 20 кредитке дейін құрайды. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың білім алушылары жалпыға міндетті мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес кәсіби тәжірибелердің оқу-танысу, оқу-есептеу, психо-педагогикалық, тілдік, арнайы, үздіксіз педагогикалық, өндірістік және т.б. түрлерінен өтеді. Іс-тәжірибелердің барлық түрлері жоғарғы оқу орында білім алу үдерісінде алған теориялық білімді бекітуге мамандық дағдылары мен құзырлылығын қалыптастыруға бағытталған. Барлық кезеңде практиканы ұйымдастыру болашақ маман даярлауға бағытталған талаптарға сәйкес білім алушылардың кәсіптік дағдыларының үздіксіздігі мен жүйелілігін қамтамасыз етеді.

 

Тәжірибенің әрбір академиялық сағаты (оқудан басқа) білім алушылардың қосымша оқу сағаты санымен жүргізіледі: Педагогикалық тәжірибе үшін- 1 сағат, өндірістік іс-тәжірибе үшін -4 сағат және зерттеу тәжірибелері үшін 7 сағат бөлінеді.

 

Іс-тәжірибенің өткізілу ұзақтығы студент жұмысының нормативті уақытынан шығатын апта бойынша есептеледі, іс-тәжірибе апта ішінде 30 сағатқа тең (аптасына бес күн, күніне 6 сағаттан). Апта санын есептеу үшін кредиттегі іс-тәжірибе көлемі оқу сағат санына сәйкес келетін еңбек сыйымдылығына көбейтіледі және білім алушылардың іс-тәжірибеден өту ұзақтығы апта бойына жалғасады, яғни 30 сағат. Дегенмен іс-тәжірибенің 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы оқу-тәжірибесі үшін 15 сағатты (50 минуттан) құрайды, педагогикалық практика үшін 30 сағат (50 минуттан), 75 сағат ( 50 минуттан) зерттеу практикалары үшін, сәйкесінше аптадағы іс-тәжірибенің өту ұзақтығын 1 кредиті: оқу практикасына арналған 0,5 апта, 2,5 апта - өндірістік практика үшін және 4 апта зерттеу практикасын құрайды.

 

Тәжірибенің барлық түрі бойынша білім алушыларға іс-тәжірибеден өту мерзімі, іс-тәжірибе базалары мен тәжірибе жетекшілері көрсетіле отырып, жолдама беру университет ректорының бұйрығымен рәсімделеді

ҚР БжҒМ бекіткен іс-тәжірибені ұйымдастыру бойынша бір үлгідегі келісім шартқа сәйкес университет оқу жылы басталғанға дейінгі екі ай ішінде іс-тәжірибе базаларымен келісім шарт түзеді.

Іс-тәжірибе жетекшілері ретінде тәжірибелі оқытушылар, профессорлар, доценттер, өз саласын жетік білетін және іс-тәжірибе базасы қызметкерлері тағайындалады.

Студентерге іс-тәжірибеден өту негізгі талаптары бар силлабустар беріледі. Ұйымның және факултеттің ғылыми кеңесімен бекітілген, кәсіпорынның сипаты, профилді мамандықтарды есептейтін кафедрамен шығарылған бағдарлама дайындалады. Ағымдағы жылға арналған іс-тәжірибе силлабустары факультеттің іс-тәжірибе жетекшілерімен құрастырылады және факультет деканымен бекітіледі. Тәжірибе жетекшісі іс-тәжірибе басталғанға дейін білім алушыларға тәжірибеге қажетті дайындықты ұйымдастырады, практика бағдарламаларына сәйкес консультациялар өткізу, практика өткізу барысында бақылау, студенттердің практика бойынша жұмыс нәтижелерін тексеру, тәжірибеден өту туралы жазбаша пікірді кафедраға ұсыну, практика бойынша есеп беру жұмыстарын жүргізеді.

 

Студенттер практикадан өту уақытында міндетті түрде: Кафедраға жеке тапсырмаларының кестелерін, практика бағдарламаларын толық орындағаны туралы, университеттің бекітілгін үлгі бойынша практика күнделігін өткізеді;
Практика базасына сәйкес жұмыс істейтін ішкі тәртіп ережелеріне бағынады;
Техникалық қауіпсіздік және өндірістік тазалықты сақтау - еңбек қорғау ережелері мен танысу және оны қатал сақтау ескертіледі;
Кафедра тапсырмаларына сәйкес жұмыстарға қатысады;
Барлық тапсырмалардың орындалғандығы туралы іс-тәжірибе базасы жетекшілігі қол қойылған күнделік, белгіленген үлгі бойынша жазбаша есепті іс-тәжірибе жетекшісіне тапсырады.