қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Жаңалықтар
04.05.2020

«Бастауыш сынып оқушыларының оқу дағдыларын дамыту» вебинары

 

2020 жылы 30 сәуірде халықаралық ғылыми жоба аясында Экономика жоғарғы мектебі (Мәскеу қ.) ғалымдарының қатысуымен вебинар өтті. Бұл кездесуге ҚазҰПУ-дың ғылыми жұмыс және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі проректоры Ақтолқын Құлсариева, Қазақстан жағынан жоба жетекшісі Сауле Абишева, сондай-ақ, жоба қатысушылары - орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының оқытушылары, Алматы қаласының мұғалімдері және жобалық зерттеуге қатысқан бірінші сынып оқушыларының ата-аналары қатысты. Барлығы 50-ге жуық тыңдаушы вебинарда көтерілген мәселелерді талқылауға белсенді қатысты.

 

Вебинарды ғылыми жобаның бірінші кезеңінің қорытындысы мен оның екінші кезеңдегі келешек жоспары туралы кіріспе сөзбен Экономика жоғарғы мектебі Білім берудегі психометрика және өлшеу орталығының директоры Елена Карданова ашты.

 

«Алматының бірінші сынып оқушыларының оқу дағдыларын бағалау жобасының қорытындысы: деректер не айтады» - Экономика жоғарғы мектебінің Білім берудегі психометрика және өлшеу орталығының ғылыми қызметкері Инна Антипкина баяндамасы осылай аталды. 1000-нан астам бірінші сынып оқушыларының тестілеу туралы мәліметтерді зерттеу нәтижелері көрнекі түрде ұсынылды және тыңдаушылардың ерекше қызығушылығын тудырды.

 

Мұғалімдер мен ата-аналар үшін Ресей Ғылым академиясы (Мәскеу) Білім беруді дамыту институтының жетекші ғылыми қызметкері Марина Кузнецованың вебинарда жасаған бастауыш мектепте балаларды оқуға үйретудің заманауи тәсілдері туралы баяндамасы өте пайдалы болды.

 

«Алматыкітап» баспасының бас редакторы Марина Асылбекованың мектептегі оқырманды тәрбиелеу туралы баяндамасы оның әдебиет пәнінің мұғалімі болып жасаған көпжылдық жұмыс тәжірибесіне сүйенеді.

 

Филология және көптілді білім беру институты орыс тілі мен әдебиеті кафедрасының доценті Мадина Абаева өз баяндамасында оқу жолдарын психолингвистік процесс ретінде ұсынды.

 

Вебинар қатысушылары Экономика жоғарғы мектебі мен Абай атындағы ҚазҰПУ ғылыми ынтымақтастығында өнімді нәтижелер мен кең келешек бар екенін атап өтті.

 

   

 

   

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы



904

Кері оралу