қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
26.02.2013

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

ШЕТЕЛ ТІЛДЕРІ ЖӘНЕ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ФАКУЛЬТЕТІ

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚҰҚЫҚ КАФЕДРАСЫ

Халықаралық құқық саласы бойынша мектеп аралық олимпиаданың өткізілуі туралы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

Абай атындағы ҚазҰПУ Халықаралық құқық кафедрасы Сіздің мектептің бітіруші түлектерін халықаралық құқық және халықаралық қатынастар саласы бойынша шетел тілдері және халықаралық қатынастар факультетінің аясында (Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 28-үй, 28-бөлме) өткізілетін  мектеп аралық олимпиадаға қатысуға шақырады.

1.    Олимпиада келесідей кезеңдерден тұрады:  Алғашқы (сырттай) кезең, практикалық-теориялық кезең, олимпиаданың ақырғы кезеңі.

2.    Олимпиадаға қатысу үшін Алғашқы кезеңнен өту қажет (эссе жазу, эссе байқау комиссиясына жіберіледі).

3.    Олимпиадаға қатысу үшін берілген барлық өтініштер ұйымдастырушы комитетке ayim_t@mail.ru, zhabelova_tolkyn@mail.ru электроны пошталарына белгіленген мерзімге дейін жіберілуі керек.

  • Өтініш  (1-Қосымшаны толтыру)
  • эссе - (алғашқы кезең жұмысы) компьютерде терілген 3-бет мәтіннен аспауы керек;

Олимпиадаға қатысу үшін керекті құжаттар топтамасы  2013 жылдың 27-наурызына дейін жоғарыдағы электронды поштаға жіберілуі тиіс.  

4.Олимпиаданың жұмыс тілдері  -  ағылшын, орыс,  қазақ.

5.Барлық қатысушылар ұлттық университеттің сертификаттарын алады.

6. Олимпиадаға қатысушылардың арасынан ең үздік жұмыстар іріктеліп, ғылыми жетекшісінің аты-жөні көрсетіліп, Абай атындағы ҚазҰПУ-дың  ғылыми-мерзімді басылымдарында жарияланады.

Алғашқы кезең берілген тақырыпқа эссе жазумен басталады. Жұмыстар сапасына қарай іріктеліп, ең үздік жұмыстардың авторлары таңдалып алынып, Абай атындағы ҚазҰПУ ұйымдастырып отырған  Олимпиаданың екінші кезеңіне шақырылады (олимпиадаға қатысушылардың саны шектелмейді).

Алғашқы кезеңде ұсынылатын Эссе тақырыптары:

  • Адам саудалаудың әртүрлі түрлерімен, құлдық пен құл саудасымен халықаралық-құқықтық күрес
  • Қазақстан Республикасының Ата Заңы - Қазақстан Республикасының Негізгі Заңы
  • «Қазақстан - 2050» стратегиясының маңызы
  •  Халықаралық терроризммен күрес
  • Халықаралық әйел құқықтарын қорғау
  • Халықаралық қылмыспен күрес
  • Дипломатиялық құқықтың түсінігі мен қайнар көздері
  • Халықаралық адам құқығын қорғау
  • Қазақстан Республикасындағы бала құқын қорғау

 

Олимпиадаға қатысу үшін Өтініш және Алғашқы кезең жұмысын (эссені) ұйымдастыру комитетіне 2013 жылдың 27-наурызынына дейін  ayim_t@mail.ru және zhabelova_tolkyn@mail.ru  электронды пошталарына  жіберу керек.          

Байланыс мекен-жайы: Алматы қаласы, Қазыбек би көшесі 28-үй, 28-бөлме, кафедра телефоны -  2938502;

 87771620838 -  заң ғылымдарының кандидаты, доцент Тлеужанова Айымгүл Исламханқызы, 87013209377 - ғылыми жұмыстар бойынша жауапты, саяси ғыл-р канд., доцент Жабелова Толқын Ерғазықызы.

 

Қосымша 1

Өтініш

 

Қатысушының тіркеу парағы

 

Қатысушының аты-жөні:_________________________________________

 

Байланыс телефондары_________________________________________

 

Мектеп ______________________________________________

 

Мектептің мекен-жайы__________________________________________

 

Қатысушының үй мекен-жайы___________________________________

 

Ғылыми жетекшінің аты-жөні______________________________

 

Ғылыми жетекшінің телефондары_____________________________

 

Қатысушы мен ғылыми жетекшісінің электронды поштасы_________

 

         ___________________________________________________________