қазақша · русский · english
   
Магистратураға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі

 

Магистратураға түсу талаптары:

- Бакалавр дипломы;

- түсу емтиханын тапсыру үшін шетел тілін тиісті деңгейде білу.

 

Магистратураға тапсыру үшін қажетті құжаттар тізімі:

1. Ректордың атына өтініш (үлгі бойынша);

2. Жеке куәлігінің көшірмесі;

3. Талапкер сауалнамасы (көк сиямен өз қолымен баспа әріптерімен жазылады);

4. Нотариус куәландырған диплом және оның қосымшасының көшірмесі;

5. Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстарының тізімі;

6. 086-У түрі бойынша медициналық анықтама;

7. Кадр есебі жөніндегі жеке іс парағы;

8. Нотариус куәландырған еңбек кітапшасының көшірмесі;

9. Егер бар болса шетел тілін тапсырғаны туралы сертификат (TOEFL және т.б.);

10. Мекеме атынан оқуға ақылы негізде түсушілер үшін шартқа отыру және оқудың төлемақысын төлейтіндігі туралы кепіл хат немесе заңды тұлғамен келісім шарт;

11. 3х4 көлеміндегі 6 фотосуреті;

12. Құжаттарының тізімдемесі.

13. Жеке іс қағазының титул беті.

 

Қабылдау емтихандары

Магистратураға талапкер ҚР азаматтары тапсырады:

- стандартталған сынақтан өткізу технологиясы бойынша шетел тілін (ағылшын, неміс, француз);

- мамандығы бойынша.

Шетел азаматтары тапсырады:

- қазақ немесе орыс тілін (оқу тілі);

- мамандығы бойынша.

 

Магистратураға үміткерлердің құжаттарын қабылдау Абай атындағы ҚазҰПУ-де 2013 жылдың 10 мен 30 шілде аралығында жүргізіледі.

Мекен-жайы: 050010, Алматы қ., Жамбыл көшесі 25, № 5, 7, 8 каб. Тел.: +7(727) 291-18-35, 291-40-85, 293-86-38.

Ақылы оқуға қатысты анықтама хабарларды 291-18-35 телефоны арқылы алуға болады.

Сайт: www.kaznpu.kz; imid.kaznpu.kz

 

1962