қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.03.2018


«Абай сыйы-2018» республикалық пәндік олимпиада


2018 жылдың 19 наурызы мен 10 сәуірі аралығында  Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында «Абай сыйы-2018» республикалық пәндік олимпиадасын өткізеді.

 

Олимпиада мақсаты: Дарынды оқушыларды айқындау және қолдау, білімді насихаттау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін; Абай атындағы ҚазҰПУ-нің интеллектуалдық әлеуетін 11 сынып оқушыларына қалыптастыруға ықпал ету.

 

Республикалық олимпиаданың өткізілу тәртібі: Республикалық олимпиада екі кезеңнен тұрады:

бірінші кезеңі - қашықтан білім беру технологиялары арқылы www.kaznpu.kz сайтында on-line тәртібімен 2018 жылдың 19-31 наурызы аралығында өтеді;

екінші кезеңі - Абай атындағы ҚазҰПУ базасында 2018 жылдың 7-10 сәуірі аралығында өткізіледі.

 

Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері.

 

«Абай сыйы-2018» республикалық пәндік олимпиадасы төмендегі пәндер бойынша өткізіледі:

1.Математика, Физика, Информатика;
2.Химия, Биология;
3.География;
4.Қазақ тілі мен әдебиеті, Орыс тілі мен әдебиеті, Ағылшын тілі;
5.Қазақстан тарихы, Дүние жүзі тарихы.


Республикалық олимпиадаға қатысу үшін тіркелу 2018 жылғы 10-наурыздан 19-наурызға дейін www.kaznpu.kz сайтында жүзеге асырылады.

 

Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы 13. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті

 

Анықтама тел.: 8(727)291-73-71, e-mail: talapker@kaznpu.kz


Ақпараттық хат

 

«Абай сыйы» республикалық олимпиадасының Ережесі