
 
|  Негізгі бет /
Хабарландыру 
12.03.2018 «Абай сыйы-2018» республикалық пәндік олимпиада2018 жылдың 19 наурызы мен 10 сәуірі аралығында Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті Қазақстан Республикасының білім беру мекемелерінің 11-сынып оқушылары арасында «Абай сыйы-2018» республикалық пәндік олимпиадасын өткізеді. 
 Олимпиада мақсаты: Дарынды оқушыларды айқындау және қолдау, білімді насихаттау және оқушылардың шығармашылық қабілеттерін; Абай атындағы ҚазҰПУ-нің интеллектуалдық әлеуетін 11 сынып оқушыларына қалыптастыруға ықпал ету. 
 Республикалық олимпиаданың өткізілу тәртібі: Республикалық олимпиада екі кезеңнен тұрады: бірінші кезеңі - қашықтан білім беру технологиялары арқылы www.kaznpu.kz сайтында on-line тәртібімен 2018 жылдың 19-31 наурызы аралығында өтеді; екінші кезеңі - Абай атындағы ҚазҰПУ базасында 2018 жылдың 7-10 сәуірі аралығында өткізіледі. 
 Олимпиаданың жұмыс тілдері: қазақ және орыс тілдері. 
 «Абай сыйы-2018» республикалық пәндік олимпиадасы төмендегі пәндер бойынша өткізіледі: 1.Математика, Физика, Информатика; Республикалық олимпиадаға қатысу үшін тіркелу 2018 жылғы 10-наурыздан 19-наурызға дейін www.kaznpu.kz сайтында жүзеге асырылады. 
 Өтетін орны: Алматы қаласы, Достық даңғылы 13. Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті 
 Анықтама тел.: 8(727)291-73-71, e-mail: talapker@kaznpu.kz 
 «Абай сыйы» республикалық олимпиадасының Ережесі 
 |