қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
29.05.2020

Педагогика және психология институтының студенті «Қазақстанның үздік студенті - 2020» байқауында жеңіске жетті


Педагогика және психология институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті Малика Баудинова доцент Әсел Акпаеваның жетекшілігімен «Қазақстанның үздік студенті-2020» халықаралық байқауына қатысты.


Байқау «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының және ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен өткізілді.

 

2020 жылдың қаңтар айында Малика Баудинова байқауға қатысу үшін іріктеу кезеңін өтті. 2020 жылдың мамыр айында Нұр-сұлтан қаласында салтанатты рәсім өткізілуі керек еді, бірақ қазіргі жағдайға байланысты ол тоқтатылды. Малика 1 дәрежелі диплом мен медаль алды, сонымен қатар оның өмірбаяны «Қазақстанның үздік студенті-2020» халықаралық байқауының жинағында жарық көрді.

 

   

 

   

 

Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі кафедрасы