қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
29.05.2020

Қазақстанның үздік студенті анықталды

 

   


Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Педагогика және психология институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1-курс студенті Малика Баудинова доцент Әсел Акпаеваның жетекшілігімен «Қазақстанның үздік студенті-2020» халықаралық байқауына қатысты.

 

   

 

Байқау «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының және ҚР Білім және ғылым министрлігінің қолдауымен өткізілді.

 

2020 жылдың қаңтар айында Малика Баудинова байқауға қатысу үшін іріктеу кезеңінен өтті. Осы мамыр айында Нұр-сұлтан қаласында салтанатты рәсім өткізілуі керек еді, бірақ қазіргі жағдайға байланысты ол тоқтатылды. Малика 1 дәрежелі диплом мен медаль алды, сонымен қатар оның өмірбаяны «Қазақстанның үздік студенті-2020» халықаралық байқауының жинағында жарық көрді.

 

 

29.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com