қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
29.05.2020

Ортақ құндылықтарды ұлықтаудың жолы

 


 

Сәрсенбі, 28 мамырда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің Тарих және құқық институты саясаттану және әлеуметтік-философиялық пәндер кафедрасының профессор-зерттеушісі М.Б. Асанбаев ZOOM платформасында онлайн-семинар өткізді.

 

«Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ трансаймақтық тарихи-мәдени кеңістігін құрастыру» семинарына кафедра оқытушылары, магистранттары және PhD докторанттары қатысты.

 

Онлайн іс-шара барысында екі көрші жатқан аймақты ортақ тарихи және әлеуметтік-мәдени кеңістікке бейімдеу және оларды жаңа саяси және әлеуметтік шынайылыққа топтастыру арқылы бірыңғай Орталық Азия және Оңтүстік Кавказ трансаймақтық тарихи-мәдени кеңістігі моделінің үлгісі жасалды.

 

Семинардың қорытынды бөлімінде Каспийдің бергі және арғы жағалауында тұратын халықтар өркениетінің айырмашылықтарына қарамастан, оларда ортақ ауқымды құндылықтар жиынтығының бар екендігі айқындалды. Бұл өз кезегінде жаңа әлеуметтік-саяси шынайылықты және ортақ әлеуметтік ортаны қалыптастыра алатын модель бола алады.

 

 

29.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com