қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.06.2020

Саяси қуғын - сүргін-ел тарихының қайғылы тарихы


2020 жылдың 31 мамырды Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Филология және көптілді білім беру институты академик С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасының ұйымдастыруымен 31 мамыр Саяси- қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне арналған  «Ұмытылмас тағдырлар» онлайн-вебинары (https://meet.google.com/jtw-jare-pfk) өтті.    

 

Іс-шара қонақтары саяси- қуғын-сүргін құрбандарын бір минут еске алып, ақын Ғалым Жайлыбайдың «Қарағанды лагері» өлеңі оқылды.       

 

Вебинар барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты Академик Т.С.Садықов атындағы Қазақстан тарихы кафедрасының доценті Шәмек Тілеубаев жарлықтың маңыздылығы туралы, 31 мамырды саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні деп жариялау туралы, 30-жылдардағы ашаршылық құрбандары туралы, 1986 жылғы желтоқсан оқиғалары, шамамен 11 үкімет лагерлері: Алжир, Карлаг, Дальный, Степлаг, Песчан, Қамыслаг, Ақтөбе, Жезқазған, Петропавловск, Кеңгір, Өскемен туралы және мыңдаған жазықсыз адамдардың тағдыры туралы айтып берді.

 

Қонақтарды «М.Жұмабаевты тергеу құжаттары»  жобасының идеясы ерекше қызықтырды. Ұйымдастырушы - оқытушы Е.Молдасанов.

 

       

 

   

 

Академик С.С.Қирабаев атындағы қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы