қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
12.03.2018

«Ел үмітін ақтаған қазақ қызы» танымдық кеш өтеді

 

Ағымдағы жылдың 20 наурызы күні сағат 15.00-де Қазақ ССР Мемлекеттік қайраткері, Қазақ ССР Министрлер Кеңесі төрағасының орынбасары, Қазақ ССР Сыртқы істер министрі Б. Бөлтіріковаға арналған «Ел үмітін ақтаған қазақ қызы» танымдық кеш өткізіледі.

 

Шараға мемлекет және қоғам қайраткері, профессор Ш. Беркімбаева, Қазақстан Республикасының Еңбек сіңірген қайраткері Ғ. Бибатыров, Түркменстан және Монғолия елдерінің экс-елшісі, Қазақстан Республикасы дипломатиялық қызметінің еңбек сіңірген қызметкері Қ. Исағалиев, Балжан Бөлтірікованың қызы, профессор Б. Қожабаева, Чехия және Монғолия елдерінің экс-елшісі С. Қартбаев қатысады.

 

Өтетін орны: бас оқу ғимаратының үлкен конференц-залы (225).

 

Ұйымдастырушылар:

Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департамент

М. Ғабдуллин аындағы «Тұлғатану» орталығы