қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
29.05.2020

«Қазақстанның үздік студенті - 2020» байқауының жеңімпазы анықталды

 


Абай атындағы ҚазҰПУ Педагогика және психология институтының «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығының 1 курс студенті Малика Баудинова доцент Әсел Акпаеваның жетекшілігімен өткен «Қазақстанның үздік студенті-2020» халықаралық байқауына қатысты.

 

Байқау «BILIM-ORKENIETI» Ұлттық инновациялық ғылыми-зерттеу орталығының және ҚР Білім Министрлігінің қолдауымен өтті.

 

Ағымдағы жылдың қаңтар айында өткен іріктеу кезеңінде Малика Баудинова байқауға қатысу мүмкіндігіне ие болған еді. Ал мамыр айында Нұр-Сұлтан қаласында салтанатты рәсімі жоспарланған байқау нәтижесі бойынша Малика І дәрежелі диплом мен медаль алды. Жеңімпаз есімі «Қазақстанның үздік студенті-2020» халықаралық байқауының жинағында жарық көретін болады.

 

 

29.05.2020 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz