қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
09.04.2018

«Интеллектуалды ұлт - рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтеді


2018 жылдың 11 сәуір күні «Интеллектуалды ұлт» ғылыми орталығы мен «Жаратылыстану ғылымдарының мәселелері және экологиялық реконструкция» зертханасы Абай атындағы ҚазҰПУ-дегі Ғылымның онкүндігі аясында «Өрлеу» БАҰО АҚ Филиалы Алматы облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты базасында жылжымалы мәжіліс форматында Алматы облысы білім беру жүйесінің педагогикалық қызметкерлеріне арналған «Интеллектуалды ұлт - рухани жаңғырудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізеді.

 

Іс-шараның мақсаты: университеттік ғылым мен білім беру жүйесін интеграциялау мақсатымен «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында педагогикалық, филологиялық және жаратылыстану ғылымдары саласының заманауи аспектілерін талқылау және практик-педагогтардың арасында ғылыми жетістіктерді тарату.

 

Дөңгелек үстел барысында ғылыми жұмыстардың көрме-презентациясы ұйымдастырылады.

 

Күні және уақыты: 11.04.2018 жыл, сағ.11.00.

 

Өткізілетін орны: Алматы қ, Қабилов көш. 50

 

Іс-шараның координаторлары: Марат Нуриев, Сауле Даутова, Нұғман Аралбай 

 

Байланыс тел.: 8 (727) 291 88 83

 



1220

Кері оралу