қазақша · русский · english
 
 
 
 Көшербаева Айгерім Нұрәліқызы
«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасының жетекшісі
Педагогика ғылымдарының докторы, профессор., ХПБҒА академигі
Қазыбек би көшесі, 30
 291-58-52
aigera63@mail.ru

 

Педагогика және психология кафедрасы 2009 жылы ашылып осы жылдар аралығында педагогика және психология саласы бойынша 2000 бакалавр, 600 магистр және 43 PhD жоғарғы білікті мамандар дайындап шығарды.

 

Біздің түлектер республикамыздың барлық аумақтарнында білім беру саласында білікті қызметтер атқарып жүр.

 

«Педагогика және психология» білім беру бағдарламасы үш бағытта мамандар дайындайды:

Бакалавр: 6В011 - Педагогика және психология

Магистратура: 7М011 - Педагогика және психология (мамандануы - Білім берудегі менеджмент ), 7М011 - Педагогикалық өлшем.

Докторантура: 8D011 - Педагогика және психология, 8D011 - Педагогикалық өлшем.

 

Педагогика және психология білім беру бағдарламасы жақын және алыс шетелдердегі жетікші оқу орындарымен серіктестік байланыс орнатқан.

 

Олардың қатарына Оңтүстік Корея, Литва, Германия, Индонезия, Ресей, Болгария, Украина және Түркияның университеттері кіреді.

 

Педагогика және психология білім беру бағдарламасының материалдық-техникалық базасы қазіргі заман талабына сай жаңа ақпараттық құралдармен, компьютерлермен, интерактивті тақталармен қамтамасыз етіліп, оқу үдерісін және ғылыми зерттеу қызметтерін жүргізу барысында болашақ мамандардың шығармашылық бағытта жан-жақты өсулеріне мүмкіндік береді.

 

Біздің білім беру бағдарламасын бітіруші түлектер білім беру саласының барлық мекемелерінде, атап айтқанда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде, жалпы білім беретін мектептерде, лицейлерде, гимназияларда, колледждерде педагог-психолог және әкімшілік қызметінде жұмыс жасай алады.

 

6844