қазақша · русский · english
   
Психология және арнайы білім беру кафедрасы

 





 

Психология және арнайы білім беру кафедрасы 2013 жылы қыркүйекте психологиялық - педагогикалық мамандықтар кафедрасын қайта құру барысында құрылды. Кафедра 6M050300-«Психология», 6M010300 -«Педагогика және психология», 6D010300-«Педагогика және психология», 6M010500-«Деектология», 6M010800-«Денешынықтыру және спорт» мамандықтары бойынша мамандар дайындап шығарады.
Кафедраны құру МжДИ білім беру бағдарламасын кеңейту және білім беру жүйесінің теориялық, қолданбалы және практикалық деңгейлердегі психологиялық қолдауды қажет етуінің артуынан туындаған.
Психология және арнайы білім беру кафедрасының қызметі- білім беру ұйымдарында, психологиялық және психолого-дәрігерлік -әлеуметтік орталықтарда, психологиялық қызмет көрсету, ғылыми зерттеу орталықтарында, оқу орталықтарында, бизнес- орталықтарында, пенитенциарлық жүйелерде қызмет атқаратын маман кадрларды дайындауға бағдарлған.
Кафедраның қызметі кәсіби білім берудің маңызды міндеттерін шешуге бағытталған:
- тұлғаның дамуы және тәрбиелеу, оқытудың тиімді әрі сәйкес шарттарын жасаудың психологиялық негізін дамыту;
- қазіргі білім беру мәселелерін шешуде,әсіресе білім берудегі инновация жағдайында шетелдік және отандық психологиялық ғылымдардың теориясы мен практикасын пайдалану;
- қазақстандық білім беруді модрнизациялауда практикалық психологиялық қызметті дамытуды жүйеқұрушы фактор ретінде қарастыруды қолдау;
- түрлі білім беру ұйымдарының типтерінде психологиялық қызмет көрсету үлгілері мен практикалық психологияны дамыту;
- научное и методическое обеспечение деятельности практического психолога в организациях образования, юридических учреждениях, бизнес-организациях и др.;
- білім беру ұйымдарындағы, заңды мекемелердегі, бизнес орталықтардағы практик психолгтың қызметін ғылыми және әдістемелік қамтамасыз ету;
- білім беру процесіне қатынасушылардың жас және дара ерекшеліктеріне, әлеуметтік ұстанымдары мен қажеттіліктеріне қарай білікті психологиялық дайындықпен қамтамасыз ету;
- білім беру жүйесінде психологтарды, оқытушыларды, дефектологтарды, спорт тренерлерін дайындау процесін модернизациялауға бағытталған жаңа буын оқулықтары мен оқу құралдарын жасау;
- алыс жақын шетелдердің педагогикалық жоғары оқу орындарымен, университеттермен, ғылыми орталықтармен кәсіби қатынасты дамыту.

Кафедра оқытушылары:
• белсенділікті дамыту, қарым - қатынас, дарындылық және шығармашылық;
• инклюзивті білім беру жағдайында жұмыс істейтін педагогтарды дайындау;
• девианттық мінез-құлықты балаларға білім беруді психологиялық қолдау т.б.бағыттарында ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізеді.
Кафедраның негізгі ғылыми зерттеу облысы: педагогикалық психология, заң психологиясы, арнайы (коррекциялық) психология және т.б.
Кафедрада жетекші ғалымдар мен тәжірибелі оқытушылар жұмыс істейді. Олардың 4-і ғылым докторлары, 6-ы педагогика және психология ғылымдарының кандидаттары. Білім беру процесіне институттың басқа кафедраларының оқытушы - профессорлары тартылады.
Кафедра оқытушылары жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беруді оқу- әдістемелік, ғылыми- теориялық және нормативтік- құқықтық қамтамасыз етуге белсене қатысады, МЖМБС мен типтік оқу бағдарламаларының, оқулықтар, оқу құралдары және оқу - әдістемелік қамтамасыз ету құралдарының авторлары.
Кафедра жақын және алыс шетел ғалымдарымен тығыз қарым- қатынас жасайды, сондай-ақ Алмания, Болгария, Венгрия, Польша, Австралия, Россия, Белоруссия, Украинаның жоғары оқу орындарымен серіктес.