қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
18.04.2018

«2018 - Білім экономикасын қалыптастырудағы жастардың рөлі» Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтеді


2018 жылдың 23 - 24 сәуір аралығында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауын іске асыру аясында Алматы энергетика және байланыс университеті «Кахак» Корей ғылыми-техникалық қоғамымен бірлесе «2018 - Білім экономикасын қалыптастырудағы жастардың рөлі» халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясын өткізеді.

 

Халықаралық конференция мақсаты - еліміздің стратегиялық міндеттерін жүзеге асырудағы қазақстандық жастардың рөлін, жаһандық қауіп-қатерлерге барабар жауап табу мәселелерін, оның ішінде қазақстандық ғылыми-техникалық қауымдастықтағы туындаған өзекті мәселерді талқылау.


Конференцияға қатысу тегін.

 

Өтетін уақыты: 23 - 24 сәуір 2018 ж., сағат 10:00.

 

Өтетін орны: Алматы қ., Байтұрсынов көш., 126, Алматы энергетика және байланыс университеті, А корпусы , мәжіліс залы.


Ақпараттық хат