қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
25.04.2018

Миколос Ромерис Университетінің (Литва) Эразмус+ Кредиттік ұтқырлық бағдарламасы

 

Миколос Ромерис Университетіндегі (Литва)  Эразмус + (студенттік ұтқырлық) бағдарламасы аясында 2018 жылдың күзгі семестрінде 1 орынға кредиттік ұтқырлық бойынша семестрлік оқуға ақысыз негізде келесі салалар бойынша өтуге мүмкіндік беріледі: Бизнес, Экономика, Әлеуметтік ғылымдар (педагогика, әлеуметтік педагогика, психология, шет тілдері) және Құқық.


Өтініш берушілерге 5 ай көлемінде шәкіртақы тағайындалады, сондай-ақ баруға және қайтуға жол ақысы толық төленеді.

 

Конкурстық іріктеуге ағылшын тілін меңгерген (меңгеру деңгейі B2-ден жоғары, IELTS сертификаты кемінде 6,0) 1 және 2 курс бакалавриат студенттері, 1 курс магистранты мен PhD докторанты қатыса алады.

 

Осы алмасу бағдарламасының қатысушыларына қойылатын негізгі талаптар: GPA балл 3,5-тен кем емес; ағылшын тілін білу деңгейі B2; IELTS сертификаты кемінде 6,0.

 

Қатысуға тілек білдірушілерден 2018 жылдың 05 мамырына дейін Халықаралық бағдарламалар және ынтымақтастық бөлімімен (205 кабинет, №1 оқу ғимараты) немесе m.kaparova@kaznpu.kz   электронды поштасына хабарласуларыңызды сұраймыз.