қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
19.10.2020

Докторанттар семинарында ғылыми зерттеулерді апробациялау

 

2020 жылдың 16 қазанында Филология және көптілді білім беру институтының орыс тілі мен әдебиеті кафедрасында докторанттардың ғылыми семинарының кезекті отырысы өтті. Семинардың модераторы филология ғылымдарының докторы, профессор Людмила Сафронова баяндамашы «Әдебиеттану» мамандығының 2 курс докторанты Элеонора Тампиловаға сөз берді. «Заманауи қазақстандық драматургия және қазақ драмасының дәстүрлері» деген баяндама тақырыбы барлық қатысушыларды қызықтырды.

 

Талқылау барысында жас зерттеушіге диссертациямен жұмыс істеуге көмектесетін сұрақтар мен тілектер айтылды. Тұрақты өтетін семинар докторанттардың ғылыми жұмыстарын апробациялау және талқылау үшін өзекті алаңшаға айналды.

 

 

Орыс тілі мен әдебиеті кафедрасы