![]()
29.06.2018
Білім беру грантының бос орындарына арналған конкурс
Білім беру грантының бос орындарына арналған конкурсқа қатысты құжат қабылдау әр түрлі мамандық бойынша жүзеге асырылады (аталған білім беру гранттар саны төменде көрсетілген кестедегі мамандықтар бойынша қарастырылады). Үміткерлерге арналған талаптар: Мемлекеттік білім беру грантының бос орнына ақылы бөлімде білім алатын, академиялық қарызы жоқ, GPA балы 3.0 төмен емес студент қатыса алады.
Конкурсқа қатысу туралы өтініш беру үшін төменде көрсетілген құжаттарды тапсыру қажет: 1. ҚР Білім және ғылым министрінің атына өтініш; 2. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың ректоры атына өтініш; 3. Оқу процесінің барлық мерзіміне сәйкес ресми транскрипт; 4. Жеке төлқұжаттың көшірмесі.
Құжаттар 2018 жылдың 30-маусымына дейін институт директораттарында қабылданады.
Академиялық мәселелер жөніндегі департамент ![]() Кері оралу |
050010, Қазақстан Республикасы
|
Кеңсе: 291-48-74, 291-37-23 (факс)
Қабылдау комиссиясы: 8(727)291-57-68
Азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдау
|
«Шапағат» студенттерге цифрлық қызмет көрсету орталығы Университеттің ғылыми басылымдары Кірушілер статистикасы
|