қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
22.05.2018

 

Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті институт және департамент директорларының бос жұмыс орындарына байқау жариялайды

 

1. «Сорбонна-Қазақстан» институтының директоры - 1

2. Математика, физика және информатика институтының директоры - 1

3. Білімді ақпараттандыру департаментінің директоры - 1

4.Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментінің директоры - 1

 

Байқауға қатысушыларға қойылатын талаптар:


- Сорбонна-Қазақстан институтының директорына: үміткердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, ғылыми дәрежесі, кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі және ЖОО басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі, ағылшын және/немесе француз тілін білуі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс;

- Математика, физика және информатика институтының директорына: үміткердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) физика-математикалық немесеIT білімі, ғылыми дәрежесі, кемінде 5 жыл ғылыми-педагогикалық еңбек өтілі және ЖОО басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі, білім беру менеджменті бойынша біліктілікті арттыру курстарынан өткендігі туралы сертификатының (куәлігінің) болуы тиіс;

- Білімді ақпараттандыру департаментінің директорына: үміткердің физика-математикалық немесеIT жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, кемінде 3 жыл ақпараттық технология саласындағы еңбек өтілі немесе ЖОО басшылық қызметтегі жұмыс тәжірибесі болуы тиіс;

- Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар және жастар саясаты жөніндегі департаментының директорына: үміткердің жоғары (жоғары оқу орнынан кейінгі) білімі, кемінде 5 жыл басшылық қызметтегі еңбек өтілі немесеЖОО тәрбие жұмыстары бойынша тәжірибесі болуы тиіс.

 

Байқауға қатысуға үміткер тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімде келесі көрсетілген құжаттарды ұсынуы қажет:

1) университет ректорының атына конкурсқа қатысу туралы өтініш;

2) мемлекеттік және орыс тілдерінде түйіндеме (фотосуретпен қоса)

3) өмірбаян;

4) нотариалды расталған жоғары білімі, ғылыми дәрежесі, ғылыми атағы туралы құжаттарының көшірмелері;

5) жеке басын растайтын куәлігінің көшірмесі;

6) еңбек кітапшасының көшірмесі;

7) біліктілікті арттыру сертификаттарының көшірмесі (болған жағдайда);

8) ЖОО Бас ғалым хатшысы растаған ғылыми еңбектері мен өнертабыстарының тізімі;

9) №086 медициналық анықтама, флюорожазба;

10) сотталмағандығы туралы анықтама;

11) наркологиялық ұйымның анықтамасы;

12) психоневрологиялық ұйымның анықтамасы.

13) соңғы жұмыс орнынан мінездеме (басқа мекемеден келген тұлғалар үшін);

14) Институтты немесе Департаментті дамытудың үш жылдық бағдарламасы.

 

Конкурсқа қатысушы өз біліміне, кәсіптік деңгейіне қатысты (марапаттар мен құрметті атақтар тізімін, бұрынғы жұмыс орнының басшылығының ұсыныстары) және т.б қосымша ақпараттар беруге құқылы.

 

Конкурсқа қатысу үшін құжаттарды қабылдау: 2018 жылғы мамырдың 21-нен маусымның 19-на дейін (қоса алғанда) жүргізіледі.

 

Құжаттар келесі мекен жайда қабылданады: Алматы қаласы, Достық даңғылы, 13, Персоналды басқару бөлімі, бөлме №103, сағат 9.00-ден 18.00-ге дейін.


Анықтама телефондары: 8 (727) 291- 82-57, 291-18-29