қазақша · русский · english
 
 
 
 Каймулдинова Күләш Дүйсенбайқызы
Институт директоры
География ғ.д., профессор
Қазыбек би,30; №1корпус, 4 этаж, 414 кабинет
 +7 (727) 291-47-66
Kulash_kaymuldin@mail.ru

 

Институт (факультет) тарихы Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің алғашқы күнінен, яғни 1928 жылдан басталады. Осы жылдарда институтта алғашқы кафедралар (ботаника, химия, зоология) ашылды. Ал, 1933 жылы еліміздегі басқа жоғары оқу орындары арасында бірінші болып, география мамандығына алғашқы студенттер қабылданды. 1936 жылы бұл бөлім дербес факультет болып қайта құрылды. 1955/1956 жылдары екі факультет Жаратылыстану - география факультеті болып бірікті. 2014 жылы Болон декларациясына сәйкес, алдыңғы қатарлы инновациялық университеттер құрамына ену мақсатында Жаратылыстану және география институты болып қайта құрылды.

 

Институтты елімізге және әлемге танымал ғылым және білім беру ісінің белгілі қайраткерлері бітірген, олардың ішінде академиктер мен академияның корреспондент-мүшелері: Ә.С.Бейсенова, А.И.Сембаев, И.В.Северский, Б.А.Бірімжанов, Л.К.Клышов, А.Б.Бекенов, Р.Е.Елешов, Е.А.Мәмбетқазиев, М.К.Кукенов және басқалары бар. Факультеттің кейбір түлектеріне жоғары мемлекеттік марапаттар берілді: «Кеңес Одағының Батыры» атағын К.Камзин, «Халық Қаһарманы» атағын М.Таипов алды.

 

Бүгінгі таңда Жаратылыстану және география институтында күндізгі және сырттай бөлімдерде 1936 студент, 159 магистрант және 110 докторанттар білім алады. Институтта 143 профессор-оқытушылар мен 23 оқу көмекші құрамы қызмет атқарады. Профессор-оқытушылар құрамының арасында ҚР Ұлттық ғылым академиясының 2 академигі, 23 ғылым докторы, 53 ғылым кандидаты және 13 PhD докторлары бар. Институт оқытушылары арасында «ЖОО үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының иегерлері, үздік оқу құралына арналған республикалық конкурстың жеңімпаздары, жалпы білім беретін мектептерге арналған химия және биология, география пәндерінен отандық жаңа буын оқулықтарының авторлық ұжымдары бар. Институт профессор-оқытушылары жыл сайын қалалық, облыстық және республикалық пән олимпиадаларын ұйымдастырып өткізуге ат салысады, республикалық, Алматы қалалық және облыстық мұғалімдердің білімін жетілдіру институттарымен, Алматы қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектептерімен тығыз байланыста.

 

Институттың жетекші профессор-оқытушылары жаңартылған білім беру мазмұндағы оқулықтар мен оқу құралдарының авторлары, оның ішінде монографиялар - 15, орта және жоғары оқу орындарына арналған оқулықтар - 70, ағылшын тіліндегі оқулықтар - 33, оқу құралы - 41, электронды оқулық - 5, импакт-факторлы ғылыми журналдарға жарияланған мақалалар - 65, алыс және жақын шетелдегі журналдарда жарияланған мақалалар, ҚР ҒМБ БҒСБ-да жарияланған мақалалар, басқа ғылыми журналдарда жарияланған мақалалар саны 500-ден асады және 14 авторлық куәлігі бар.

 

Қазіргі таңда институтта белсенді түрде қос дипломды білім алу және академиялық ұтқырлық, ПОҚ біліктілік деңгейін көтеру жөнінде жұмыстар жүргізілуде. Институт кафедралары ҚР БҒМ жүйесінің жоғары оқу орындары және ғылыми-зерттеу мекемелерімен, ТМД елдері және алыс шетелдер (АҚШ, Ұлыбритания, Германия, РФ, Украина, Беларусь, Литва, Польша, ҚХР, Түркия және т.б.) университеттерімен тығыз байланыс орнатқан.

 

Қазіргі уақытта Жаратылыстану және география институты құрамында 3 Білім беру бағдарламалары топтары бар: «Химия», «Биология» және «География, қоршаған орта және қызмет көрсету». Институтта 30 мамандықтар бойынша жоғары білікті мамандар даярлайды және оқытудың барлық формасы бойынша қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Институттың 9 мамандықтары 2020 жылдың 28 желтоқсан айында НАОКО (Білім беру сапасын қамтамасыз ету жөніндегі тәуелсіз агенттік) халықаралық аккредитациядан өтті. Ұлттық рейтингтерде институт мамандықтары алдыңғы орындарда тұр.

 

Институт құрамында ҚР ҰҒА академигі, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, г.ғ.д., профессор А.С. Бейсенова жетекшілік жасайтын география және экология ғылыми-әдістемелік орталығы жұмыс істейді. «Биология» Білім беру бағдарламасы тобында Қазақстандағы 4000-нан астам әртүрлі гүлді өсімдіктердің гербарий қоры жинақталған. «Химия» және «Биология» Білім беру бағдарламалары топтарында кешенді оқу-зерттеу зертханалары жұмыс жасайды. Кафедралардың материалдық базасы қазақ, орыс және ағылшын тілдеріндегі оқулықтармен және оқу-әдістемелік қорымен жабдықталған. Теориялық білім дала, зоналық, педагогикалық практикалармен жалғасады.

 

Студенттердің, магистранттардың және докторанттардың тек оқуына ғана емес, ғылыми зерттеулермен шұғылдануына, спортпен айналысуына, треккингтер мен экскурсияларға шығуына, салауатты өмір салтын ұстануына барлық жағдай жасалған.

 

Жаратылыстану және география институты бакалавриат, магистратура және PhD докторантура мамандықтары бойынша мамандар даярлайды:

 

БАКАЛАВРИАТ

Қ/с

Білім беру бағдарлама тобының нөмірі

Білім беру бағдарлама тобының атауы

Мамандық

1.

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

6В01510-Химия

2.

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

6В01510-Химия ағылшын тілінде

3.

В012

Химия мұғалімдерін даярлау

6В01510-Химия-биология

4.

В053

Химия

6В05301-Химия (ғылыми)

5.

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

6В01513-Биология

6.

В013

Биология мұғалімдерін даярлау

6В01513-Биология ағылшын тілінде

7.

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

6В05102-Биология (ғылыми)

8.

В050

Биологиялық және сабақтас ғылымдар

6В05102-Биотехнология

9.

В014

География мұғалімдерін даярлау

6B01515-География

10.

В014

География мұғалімдерін даярлау

6B01516 - География-тарих

11.

В052

Жер туралы ғылым

6B05203-География

12.

В051

Қоршаған орта

6B05202-Экология

13.

В091

Туризм

6B11101-Туризм

14.

В093

Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

6B11103-Мейрамхана ісі және қонақ үй бизнесі

МАГИСТРАТУРА

Қ/с

Шифр

Мамандық

15.

7М01510

Химия педагогтарын даярлау

16.

7М05301

Химия (ғылыми)

17.

7M01513

Биология педагогтарын даярлау

18.

7M05101

Биология (ғылыми)

19.

7M05102

Биотехнология

20.

7М01515

География педагогтарын даярлау

21.

7М05203

География (ғылыми)

22.

7М11101

Туризм

23.

7М05202

Экология

ДОКТОРАНТУРА

Қ/с

Код

Шифр

Мамандық

24.

D013

8D01510

Химия педагогтарын даярлау

25.

D089

8D05301

Химия (ғылыми)

26.

D014

8D01513

Биология педагогтарын даярлау

27.

D080

8D05101

Биология (ғылыми)

28.

D015

8D01515

География педагогтарын даярлау

29.

D084

8D05203

География (ғылыми)

30.

D087

8D05202

Экология

 

106