қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
20.11.2020

Футболдан университетішілік жарыс өтті


Университетіміздің 2020-2021 оқу жылына арналған кешенді жоспарына сәйкес 2020 жылы 14 қарашасы күні профессор-оқытушылар құрамы мен қызметкерлері арасында М. Әуезов атындағы спорт кешенінде футболдан университетішілік жарыс өтті.


Спорттық дене шынықтыру және спорт кафедрасының меңгерушісі Ерғали Мухиддинов ашып, қатысушыларды жарыс Ережесімен таныстырды. Спорттық шараға 7 құрама команда қатысып, бақ сынасты.


Командалық есепте жарыс қорытындысы бойынша жалпы нәтижелер бойынша I орынды Математика, физика және информатика институты жеңіп алса, II орынға Жаратылыстану және география институты, III орынға Өнер, мәдениет және спорт институты орналасты.


Футболдан жарыс барысын дене шынықтыру және спорт кафедрасының оқытушылар құрамы төрешілік етті.


Жарыс кезінде медицина қызметкерлерінің кезекшілігі ұйымдастырылып, пандемиялық жағдайға байланысты барлық санитарлықэпидемиологиялық жағдай сақталды.

 

   

 

   


Тәрбие, әлеуметтік жұмыстар

және жастар саясаты жөніндегі департаменті