қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.11.2020

Түлектерді жұмысқа орналастырудың өзекті мәселелері талқыланды

 


 

2020 жылдың 20 қарашасында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Жұмысқа орналасу проблематикасы: нарық және қажеттілік» тақырыбында «Жұмыс берушілер - 2020» форумы өтті. Түлектерді жұмыспен қамту саласындағы өзекті мәселелер талқыланған форумды университеттің «Мансап» орталығы ұйымдастырды.

 

Форумға университет ректоры Такир Балықбаев, академиялық мәселелер жөніндегі проректоры Асан Сәтмырзаев, ҚР БжҒМ қарасты Қаржы орталығының уәкілетті өкілі Серікқали Ақзира, Нұр-Сұлтан қаласы Білім басқармасының басшысы Шолпан Қадырова, ОҚМПУ-нің «Кәсіптік бағдар және мансап» орталығының басшысы Ғалымжан Битұрсын, Алматы облысы білім басқарасының уәкілеттік өкілі Айман Аміркешқызы, Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы Лаззат Жылқыбаева қатысты.

 

Форумда еңбек нарығына қойылатын ағымдағы талаптар, жұмыс құндылығы мен жұмыссыздық, жұмыс берушілердің талаптары және түлектерді жұмысқа орналастырудағы әлеуметтік қамсыздандыру деңгейі, жұмыспен қамту, мемлекеттік грант және оның өтуі бойынша ЖОО арасындағы ынтымақтастықтың маңыздылығы: құқықтық және еңбек келісімі талқыланды. Сондай-ақ, жас мамандарды үш тілді жетік меңгерумен қамтамасыз ету, кәсіби шеберлікті арттыру, инклюзивті білім беру мамандарының санын арттыру, педагогикалық колледждер түлектерін қысқартылған мерзімде оқыту, түлектерді тұрғын үймен қамтамасыз ету және жалақыны арттыру бойынша ұсыныстар айтылды.

 

Білім беру ұйымдарының басшылары мектепке келген түлектердің көп бөлігі Абай атындағы ҚазҰПУ түлектері екенін атап өтіп, білікті мамандарды даярлағаны үшін университет басшыларына алғысын білдірді.

 

Ректор Такир Балықбаев форумға қатысушыларға серіктестік деңгейінде білім беру саласындағы маңызды бағытта атқарған жұмыстары, түлектердің жұмысқа орналасуына қосқан үлестері үшін алғыс айтты. Барлық ұсыныстар талқыланып, жұмыс берушілер мен түлектер арасындағы байланыс күшейетінін атап өтті. Сонымен қатар, түлектерімізді жұмыспен қамту үшін барлық мүмкіндіктер қарастырылып, жағдай жасалатынын айтты.

 

Іс-шара барысында студенттер мен жұмыс берушілер арасында ашық пікірталас болды. Форум өте тиімді және нәтижелі өтті.

 

Авторы: Римма Жанбаева

23.11.2020 ж.

Ақпарат  көзі:  qazaq1913.com