қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
06.06.2018

Абай атындағы ҚазҰПУ шетелдік мамандарды тарту

 

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2018 жылғы 28 мамырдағы № 230 «Педагогикалық қызметтегі шетелдік мамандарды тарту және 2018 жылға арналған бюджеттің бөлінуін бекіту туралы» бұйрығына сәйкес Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне 2018 жылға шетелдік профессорларды тарту үшін бюджет бөлінді.

 

Осыған байланысты шақырылған шетелдік мамандарға негізгі талаптарға назар аударыңыздар:

1. MSc, MBA, MA, PhD немесе ғылым докторы дәрежесі;

2. Педагогикалық тәжірибесі кемінде 5 жыл, кемінде 10 жыл кәсіби қызметі;

3. Соңғы 3 жылда ғылыми және кәсіби журналдарда импакт факторы бар ғылыми басылымы бар болуы қажет;

4. Шетелдік сарапшылар KPI-ге сәйкес өз қызметін жүзеге асырады (2-қосымша).

5. Шетелдік маман кем дегенде 4 аптаға шақырылады.

 

2018 жылдың 15 маусымына дейін жоғарыдығы талаптарға сәйкес шақырылған шетелдік мамандар жайында академиялық ұтқырлық секторына (бас ғимарат, 403, электронды пошта: acadmob@kaznpu.kz  адресі бойынша) толық ақпарат беріңіз.

 

Шетелдік мамандар туралы ақпарат нұсқасы

 

Институттың атауы

 

   №

    Толық аты

         ЖОО

    (Мемлекет)

Ғылыми дәрежесі

       Пәні

 

  Келу-кету уақыты