қазақша · русский · english
 
"ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру және тұлға психологиясы" ғылыми орталығы
 
 

 

Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясында өткен «Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конференция

 

2018 жылдың 20 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ Тұлға психологиясы және ЖОО-да инклюзивті білім беру бойынша Ресурстық кеңес беру орталығының директоры, педагогика ғылымдарының докторы, профессор Зульфия Мовкебаева ҚР БҒМ Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен бірге ұйымдастырылған және өткізілген «Инклюзивті білім беру: теория, практика, тәжірибе» халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға модератор ретінде қатысты.

 

Конференцияның басты мақсаты - инклюзивті білім берудің өзекті мәселелерін талқылау, тәжірибе алмасу, мәселелерді шешу жолдарын іздеу үшін диалог алаңын құру.

 

Конференция жұмысына барлық деңгейдегі еліміздің әр аймағынан келген білім беру ұйымдары: Назарбаев Университеті, Абай атындағы ҚазҰПУ, Ұлттық ғылыми-практикалық түзету педагогикасының орталығының, «НЗМ» ДБҰ Халықаралық мектебінің (Астана қ.), «Ашық Әлем», «Дара» үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ, 6 елден (Ресей, Беларусь, Армения, Өзбекстан, Ирландия, Австралия) келген шетелдік сарапшылар қатысты.

 

Зульфия Мовкебаева «Қазақстан ЖОО-да инклюзивті білім беру» тақырыбында баяндама жасады. Ұсынылған баяндама тындаушылардың үлкен қызығушылығын білдіріп инклюзивті білім беру мәселелер бойынша өнімді пікірталас ұйымдастыруға ықпал етті.

 

         

 

«Өмірдің мәні және тағдыр. Өз болашағын салу қалай?» халықаралық ғылыми-білім беру жобасы (Мәскеу)

 

2018 жылдың 20 қаңтар мен 7 сәуір аралығында Ресурстық орталығының ғылыми қызметкер Сауле Исалиева Алматы қ. № 54 Қазақстан-Ресейлік мектеп-гимназия базасында «Өмірдің мәні және тағдыр. Өз болашағын салу қалай?» Халықаралық ғылыми-білім беру жобаның аясында сабақ өткізді. Жобаға Алматы қ.


мектеп, гимназия және лицейдің 7-10 сынып оқушылар қатысты. Сабақтарда балдар баяндама жасап, суреттегі өмірдің мағынасын өз пайымын талқылап, коммуникация, қарым-қатынас және арт-терапия бойынша тәжірибелік тренингтерден өтті. Тренингтер тірі қарым-қатынас және қызықты пікір алмасу атмосферада өткізілді.

 

2018 жылдың 12 сәуірде ғылыми-білім жоба қорытынды бойынша Сауле Исалиева жетекшілігімен 12 оқушы мен Алматы қ. және шетел университеттердің 4 студенті көзбе-көз және сырттай баяндамамен (Мәскеу қ.) Ресей білім беру академия Психологиялық институтының «Акмэ және өмір мәнінің психологиялық мәселелері» ХХІІІ Халықаралық симпозиумнің Жастар секциясына қатысты. Қазақстан қатысушылары ресейлік және шетелдік ғалымдарымен белгіленді, екі баяндаушы оқушылар және студенттер секцияларда «Үздік баяндама» дипломмен марапатталды.

 

       

 

       

 

ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды

 

2018 жылдың 11 сәуірінде Абай атындағы ҚазҰПУ-да Ғылыми онкүндік қорытындылары бойынша ғылым саласындағы аса зор жетістіктері бар қызметкердерді марапаттау рәсімі өтті.


Тәуелсіз Қазақстанның рухани және әлеуметтік дамуы жолында қол жеткен табыстары және оның гүлденуіне қосқан зор үлесі үшін Абай атындағы ҚазҰПУ Тұлға психологиясы және ЖОО-да инклюзивті білім беру бойынша Ресурстық кеңес беру орталығының директоры, педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор Зульфия Мовкебаева ҚР БжҒМ Құрмет грамотасымен марапатталды.

 

         

 

 

2017 ж. 22 қарашада Превентивті суицидология және ҚР ЖОО инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры З.А.Мовкебаева Heidelberg University of Education әріптестер Абай атындағы ҚазҰПУ сапар аясында "Қазақстандық университеттерінде ерекшелік қажеттіліктері бар адамдар үшін оқу процесін ұйымдастыру" атты баяндама жасады.
Неміс әріптестер мен Абай атындағы ҚазҰПУ студенттерге ұсынылған ИББРКО директорының баяндамасы үлкен қызығушылықты тудырды және өсі мәселе бойынша өнімді пікірталас ұйымдастыруға ықпал етті.

 

 

2017 ж. 22 қарашада Heidelberg University of Education қонақтар сар саясында Абай атындағы ҚазҰПУ-дағы шектеулі мүмкіндіктер бар студенттерді қолдау бойынша кеңестік-практикалық орталығына визит ұйымдастырылған. Неміс әріптестер орталығы қызметінің негізгі бағыттарымен таныстырды және Абай атындағы ҚазҰПУ мүгедек студеннтермен әңгімелесті.


Шектеулі мүмкіндіктері бар студеннтерді қолдау бойынша кеңестік-практикалық орталығының директоры Б.М.Мажиновтың презентациясы үлкен қызығушылық тудырды.

 

  

 

2017 ж. 13-17 қарашада Превентивті суицидология және ҚР ЖОО инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры З.А.Мовкебаева Nazarbayev University Graduate School of Education жоба аясындағы ҚР ҒжББМ «Менеджмент және кадрларды дайындау саласындағы халықаралық стандарттар негізінде педагогикалық мамандықтар бойынша отандық және шетелдік мамандармен оқыту» тапсырыс бойынша, сарапшы ретінде Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетте «Инклюзивтік білім беру» тақырып бойынша студенттер мен ПЩҚ құрамына арналған педагогикалық мамандықтар ойынша оқытты. Оқыту интенсив семинар ретінде, интерактивтік форма түрде өткізілді. Тренинг батыру әдістер, атаулы күндер және күнтізбелік кезеңнің мерекелер пайдалана отырып өткізілді.


Тренинг аяқталған кейін ИББРКО директоры, п.ғ.д З.А.Мовкебаеваға Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті ректорының м.а. Р.М.Жумашев атынан алғыс хат берілді.

 

 

 

 

 

13.11.2017 ж. Ресурстық орталығының әдіскері М.С.Ибашова № 8 жатақханада туратын 1-ші курс студенттерге тренинг жүргізді. Тренинг барысында психологиялық денсаулығы, психотравма туралы әңгіме болды, психодиагностика және түзету жұмысы өткізілді. Тренингке «Дефектология», «Психология» мамандықтар қазақ бөлім студенттер қатысты.

 

  

 

2017 жылдың 31 қазанда Ресурстық орталығының әдіскері Мажинов Б.М. «Инклюзивтік білім беру: әдіснама, тәжірибе, технологиялар» Республикалық әдістемелік фестивальда Мүмкіндік шектеулі студенттерді қолдаудың кеңестік-практикалық орталығының моделін ұсынды. Оған «ЖОО жағдайдағы ерекшелік қажеттіліктері бар студенттерді қолдау үздік моделі» номинациясында І дәрежелі дипломды берілді.


Фестиваль ұйымдастырушы - «Өрлеу» ҚР білім беру жүйесі басшы және ғылыми-педагогикалық қызмекерлерінің Республикалық біліктілікті арттыру институты.

 

 

2017 жылдың 30 қазанда Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының әдіскері Исалиева С.Т. «Достық үшін шекара жоқ: әлеуметтік және білім беру салалар мамандардың полимәдениелік құзыреттілігін даму» Бірінші халықаралық ғылыми-практикалық семинарға қатысты (Санкт-Петербург қ., Ресей).

 

2017 жылдың 25 қазанда Ғылыми тәжірибе және ынтымақтастық туралы келісім аясында Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының әдіскері Исалиева С.Т. «Жүйелі инженерия білім беруде күрделі жүйелерді жасау әдіснамасы ретінде» ғылыми-практикалық конференциясына қатысты. Конференция Ресей Федерациядағы «Экология жылы», «Эко-Осень 2017» «РАНХиГС-тағы аймақаралық форум» аясында (халықаралық қатысуымен) Санкт-Петербург қаласында өткізілді.

 

2017 жылдың 24-25 қазаңда Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығы Шяуляй университетінің (Шяуляй қ., Литва) «Ерекше қажеттіліктері бар балаларды кәсіби сауықтыру және білім алу мүмкіндіктері» екі күнгі семинарын ұйымдастыру және өткізуге қатысты.
Семинарға арнайы педагогика және психология саласындағы бас ғалымдар: проф.др.Донатас Юргайтис, Регина Корвякене, доц.Эрика Масиляускене, проф.Люда Радзявичене, др.Лайма Томекене, Илона Добровольските, доц.др.Дарюс Масиляускас қатысты.

 

  

 

 

Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры, п.ғ.д., профессор З.А.Мовкебаева «Жігер» Мүмкіндіктер шектеулі адамдар жастар ұйымы» ҚБ қызметінің 10-жылдық мерекесіне қатысты. Бірлестіктік президенті П.Юсупджанов Ресурстық орталыққа мүмкіндіктері шектеулі жастар әлеутін дамуына қосқан үлесі үшін ризашылық білдірді.

 

  

 

14.10.2017 ж. Ресурстық орталығының әдіскері М.С.Ибашова № 1 жатақханада туратын 1-ші курс студенттерге тренинг жүргізді. Тренинг барысында психологиялық денсаулығы туралы әңгіме болды, психодиагностика және түзету жұмысы өткізілді. Тренингке «Химия-Экология», «Биология», «География-Экология», «Химия-Ағылшын тілі», «Химия» мамандықтарының қазақ бөлімі студенттері қатысты.

 

  

 

ҚР БжҒМ баспа жоспарына сәйкес Абай атындағы ҚазҰПУ Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының директоры, п.ғ.д., профессор З.А.Мовкебаева, А.Т.Искакова мен бірлесіп, Қазақстанда алғаш рет ағылшын тілінде міндетті пәндер бойынша «Inclusive education» атты оқулықты әзірледі және шығарды. Оқулықтың мақсаты – болашақ педагогтардың инклюзивтік білім беру жағдайлардағы жұмысына кәсіптік даярлығын жүйелі қалыптастыру. Студенттер мен ЖОО оқытушыларға арналған.

 

           

2017 жылғы 21 қыркүйекте Ы.Алтынсарин атындағы Білім беру ұлттық академиясында «Инклюзивті білім берудің даму ерекшеліктері: халықаралық тәжірибе және отандық практика» Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы өтті. Конференцияда «Превентивті суицидология және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру»  орталығының әдіскері, аға оқытушы Б.М.Мажинов «Жоғары оқу орындарында мүгедек студенттерге білім берудің ұйымдастырушылық-педагогикалық шарттары» тақырыбында баяндама жасады.

 

М.Б.Мажинов Қазақстандағы ЖОО арасында тұңғыш ұйымдастырылған Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Мүмкіндігі шектеулі студенттерді қолдаудың консультациялық-практикалық орталығының» моделімен таныстыру- баяндаманың мазмұнына арқау болды.  

 

 

2017 жылғы 26 маусым мен 06 шілде аралығында С.Демирель атындағы университеттің 1 курс магистранттары «Инклюзивті білім беру» пәні бойынша Абай атындағы ҚазҰПУ-дың «Превентивті суицидология және ҚР ЖОО инклюзивті білім беру»РКБО-ға ғылыми-тағылымдық тәжірибеден өтті. Тәжірибеден өту барысында магистранттар еліміздегі жоғары оқу орындарының қызметін инклюзивті білім беру жағдайында ұйымдастыру мен үйлестіру міндеттерімен танысты.

 

 

2017 жылдың 30 маусымда Ресурстық орталығының әдіскері С.Т.Исалиева Алматы қ. әкімшілігімен  ұйымдастырылған VI Инновациялық форумға қатысты. Форумда экономика, ғылым, технологиялар мен инновациялардың ағымдағы үрдістер талқыланды, бұл іс-шара қала үкіметі, кәсіпкерлер мен ғылыми қауымдастығы арасындағы маңызды пікірталас алаңы болып табылады.

 

  

 

2017 ж. 8-9 маусымда Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңестік орталығының директоры З.А.Мовкебаева «Психикалық денсаулық құрылымында қоғамдық денсаулық сақтау» халықаралық қатысуымен конференция аясындағы «Білім беру ұйымдарында балалар арасындағы психикалық денсаулығын нығайту және суицидтік мінез-құлығын алдын алу үшін кадрал даярлаудың өзекті мәселелер» атты дөңгелек столына қатысты. Дөңгелек столы БҰҰ Балалар қоры Аймақ офиспен ұйымдастырылған (ЮНИСЕФ).

 

2017 ж. 7 маусымда Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңестік орталығының директоры З.А.Мовкебаева «Нұр Отан партиясы» Сайлауалды бағдарламасы «Білім» бағыты бойынша Комиссияның бірлескен мәжілісінде «Шектеулі мүмкіндіктері бар студенттерді қолдау кенестік-практикалық орталығы бойынша» баяндама жасады. ҚР ЖОО үшін кеңестік орталығының моделі ұсынылған.

 

2017 ж. 1-2 маусымда Превентивтік суицидология және ҚР ЖОО инклюзивтік білім беру бойынша ресурстық кеңестік орталығының директоры З.А.Мовкебаева, зерде бұзылыстары бар балалар арнайы (түзету) мектептерге арналған оқулықтың автор ретінде «Жағартылған мазмұнды оқулық: әзірлеу және сапасын қамтамасыз ету муселелері» атты оқу әдебиет авторлар үшін оқу семинарына қатысты. Семинар «Оқулық» РҒЗО ұйымдастырылған және әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде өткізілді. Семинарда жаңартылған мазмұнды оқулықтарды енгізу, заманауи оқулықтар әзірлеу бойынша әдістемелік тәсілдер, МЖМББС және білім беру мазмұны жаңартылған оқұ бағдарламалардың мәселелері қарастырылған.

 

2017 ж. 29 мамырда Ресурстық орталығы «Білім беру субъектілердің тұлғалық және кәсіби даму: интегралдық» атты Халықаралық қатусымен Бүкілресейлік ғылыми-практикалық конференцияның ұйлестірушылардың бірі болып қатысты. Конференция Санкт-Петербург қ. Киров ауданы № 389 «Экологиялық білім беру лицей» МБББҰ-да өткізілді. Ресурстық орталығының әдіскері С.Т.Исалиева ғылыми жетекшілігімен Алматы қ. гимназиялар оқушылары конференцияға онлайн қатысты. Қазақстан қатысушылардың баяндамалары сертификаттар мен алғыс хаттарымен аталып өтті. 

 

 

          

2017 жылдың 24 мамырында "Превентивті суицидология және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру" орталығының директоры, п.ғ.д. З.А. Мовкебаева және әдіскер Дузелбаева А.Б. «Аржан» және «Роза Люксембург» қоғамдық қорларының шақыруымен ҚР Мемлекеттік Ә.Қастеев атындағы өнер мұражайының базасында өткізілген «Мұражайларда мүгедектігі бар келушілерге қызмет етуді ұйымдастыру» атты семинарға қатысты. Семинар жұмысы барысында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға көрікті жерлер мен мәдени орындардың қолжетімділігі жайлы сұрақтар қарастырылды. Аталған шараға мұражайда мүгедектігі бар келушілерге қызмет ету бойынша тәжірибесімен бөліскен Ресей қонақтары ат салысып, өз тәжірибесімен бөлісті.

 

 


2017 жылдың 17 мамырында Абай атындағы ҚазҰПУ-і Инклюзивті білім беру бойынша ресурстық кеңес беру орталығының әдіскерлері Дузелбаева А.Б. және Маженов Б.М. Алматы технология және» флористика колледжінің базасында ашылған «Мүгедек және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды әлеуметтік бейімдеу және инклюзивті кәсіби оқытудың ресурстық орталығының» ашылу салтанатына шақырылды.

 

Ресурстық орталықтың ашылуы кезінде қатысушыларды аталған орталықтың мақсаты, міндеті және қызметімен таныстыратын арнайы экскурсия ұйымдастырылды.


 Орталықтың ашылу салтанатына қалалық әкімшілік, «Нур Отан» партиясы, білім беру басқармасы және мүмкіндігі шектеулі тұлғаларды қостау аймағындағы алдыңғы қатарлы отандық ұйымдардың өкілдері шақырылды.

 

 

 

12.05.2017 ж. Ресурстық орталығының әдіскері М.С.Ибашова № 2 жатақханада туратын 1-ші курс студенттерге психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты 1-курс студенттерінің жаңа әлеуметтік ортаға жылдам бейімделуіне ықпал жасау.

 

 

 

2017 жылдың 28 сәуірде Абай атындағы кафедралар арасындағы ең үздік веб-парақшасы байқауының нәтіжелері қорытындыланды. «Абай атындағы ҚазҰПУ туралы танымдық ақпараттарды ғаламтор кеңестігіне жариялау жұмыстарына белсенді үлес қосқаны үшін» байқауға қатыспаған Абай атындағы ҚазҰПУ «Превентивті суицидология және ЖОО арналған инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталық» ғылыми-практикалық орталығына алғыс жарияланды.

 

                               

 

2017 жылдың 26-27 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ «Превентивті суицидология және ЖОО арналған инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталық» ғылыми-практикалық орталығының әдіскері Б.А.Дузелбаева XIII халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға (Санк-Петербург қ.) қатысты. Конференцияның пленарлық мәжілісінде Ресей және Беларуссия түзету педагогиканың жетекші мамандар баяндама жасады. Конференция барысында инклюзивтік және арнайы білім берудің өзекті мәселелер қарастырылған.


А.Б.Дузелбаева шетелдік әріптестердің назарына «Этнопедагогическое содержание профессиональной подготовки педагогов-дефектологов» атты баяндамасын ұсынды. Баяндама үлкен қызығушылық тудырды.

 

 

 

2017 жылдың 27 сәуірде Абай атындағы ҚазҰПУ «Превентивті суицидология және ЖОО арналған инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталық» ғылыми-практикалық орталығының директоры, п.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессор З.А.Мовкебаева «Инклюзивтік білім беру: саясаттан практикаға. Инклюзивтік білім беруден - инклюзивтық қоғамына» Еңбек және әлеуметтік қорғау Министрлгінің вице-министрі С.К.Жакупова, ҚР балалар құқықтар жөніндегі уәкілі, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты З.Я.Балиева, Білім және ғылым министрілігі, денсаулық сақтау ұйымдары, халықаралық және отандық балалар қоры, үкіметтік емес ұйымдарының өкілдері қатысуымен Ресубликалық дөңгелек үстеліне қатысты.

 

 

2017 жылдың 25 сәуірде Ресурстық орталығының әдіскері С.Т.Исалиева жалпы және қолданбалы психология кафедрасында авторлық методика бойынша психологиялық диагностика және психологиялық кеңес беру элементтері бар арт-терапиядан тренинг өткізді. Тренингке психологиялық қоғамның мүшелері - Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері қатысқан.

 

 

       

21.04.2017 ж. Ресурстық орталығының әдіскері М.С.Ибашова № 8 жатақханада туратын студенттерге психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты 1-курс студенттерінің жаңа әлеуметтік ортаға жылдам бейімделуіне ықпал жасау.

 

 

 

 2017 жылдың 20 сәуірде Превентивті суицидология және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығы Сулейман Демирель университетімен бірге «Арнайы білім беру қажеттіліктері бар адамдар үшін ЖОО-да оқу процесін ұйымдастыру» атты Республикалық дөңгелек столды өткізді.

 

Филология және педагогикалық ғылымдар факультетінің деканы, PhD доктор, профессор А.А.Акбаров құттықтау сөзін айтты. Ресурстық орталығының директоры, педагогикалық ғылымдарының докторы, профессор З.А.Мовкебаева, М.Қ.Джандильдинов (Сулейман Демирель университеті), И.А.Оралканова (Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті), А.Г.Джакупова (М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті), Б.М.Маженов және А.Б.Дузелбаева (Абай атындағы ҚазҰПУ) баяндама жасады.

 

      Дөңгелек  үстелге Семей қ. Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университет, М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университет, Алматы энергетика және байланыс университеті, Жургенов атындағы Қазаұ ұлттық өнер академия, Қазақ ұлттық консерватория, «Нархоз» университеті, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының ұйымдастырушылар қатысты.

 

2017 жылдың 31 қаңтар мен 8 сәуір аралығында Ресурстық орталығының әдіскері С.Т.Исалиева Алматы қ. № 54 Қазақстан-Ресейлік мектеп-гимназия базасында «Өмірдің мәні және тағдыр. Өз болашағын салу қалай?» Халықаралық ғылыми-білім беру жобаның аясында сабақ өткізді. Жобаға Алматы қ. бес мектеп және гимназияның 8-11 сынып оқушылар қатысты. Сабақтарда балдар баяндама жасап, суреттегі өмірдің мағынасын өз пайымын талқылап, коммуникация, қарым-қатынас және артт-терапия бойынша тәжірибелік тренингтерден өтті. Тренингтер тірі қарым-қатынас және қызықты пікір алмасу атмосферада өткізідлі.


2017 жылдың 13 сәуірде ғылыми-білім беру жоба қорытынды бойынша С.Т.Исалиева жетекшілігімен 7 оқушы және Алматы қ. Университеттердің 2 студенті көзбе-көз және сырттай баяндамамен (Мәскеу қ.) Ресей білім беру академия Психологиялық институтының «Акмэ және өмір мәнінің психологиялық мәселелері» ХХІІ Халықаралық симпозиумнің Жастар секциясына қатысты. Қазақстан қатысушылары ресейлік және аустриялық ғалымдарымен белгіленді, екі қатысушылар І және ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды, басқалары үздік ғылыми-зерттеу жұмыстар байқаудың лауреаттар болды.

 

 

 

 

 

Ресурстық орталығы әдіскері С.Т.Исалиеваның ғылыми жетекшілігімен «Сорбонна-Қазақстан» институты 2 курс студенті Темирбаева Динаш Қасымханқызы Ресей білім беру академия Психологиялық институты «Акмэ және өмір мәнінің психологиялық мәселелері» ХХІІ Халықаралық симпозиум Жастар секциясында «Судьба - это выбор или предначертание?» атты баяндама жасады. Баяндама ресейлік және шетелдік ғалымдарының жоғары бағаға ие болды, Д.Қ.Темирбаева «Баяндау ерекшелігі бойынша» ІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.


 

 

15.03.2017 ж. Ресурстық орталығының әдіскері М.С.Ибашова № 5 жатақханада туратын 1-ші курс студенттерге психологиялық тренинг өткізді. Тренингтің мақсаты 1-курс студенттерінің жаңа әлеуметтік ортаға жылдам бейімделуіне ықпал жасау.

 

 

 

06.04.2017 ж. Ресурстық орталығының әдіскері М.С.Ибашова № 3 жатақханада туратын 1-ші курс студенттерге стресс туралы тренинг өткізді. Тренинг барысында стресстен шығу жолдары, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас түрлеріне ойын ойнатылды.

 

 

   

2017 жылдың 28-29 наурызда Ресурстық орталығының әдіскері С.Т.Исалиева Medianet Халықаралық журналистика орталығы Конрад Аденауэр атындағы қордың (KAS) қолдауымен ұйымдастырылған «Мультимедиа және визуалдаудың әдістері мен қазіргі трендтері» атты тренингке қатысқан. Тренингті дизайнер, арт-директор және Британ жоғарғы дизайн мектебінің түлегі Михайил Кишкарев (Мәскеу қ.) өткізді.

 

 

2017 жылдың 28 наурызда Абай атындағы ҚазҰПУ тәрбие жұмысы Басқармасының жоспарына сәйкес Ресурстық орталығының әдіскері М.С.Ибашова тәлімгер-оқытушыларға арналған «Студенттердің физикалық - психикалық денсаулығын нығайту және деструктивті мінез-құлқының алдын алу» атты семинар-тренинг өткізді. Семинар-тренинг бас мақсаттардың бірі - қауіп-қатер тобындағы студенттермен дұрыс қарым-қатынас орнату ретінде оқытушының рөлі.

 

 

 

16.03.2017 ж. Ресурстық орталығының әдіскері М.С.Ибашова № 2 жатақханада туратын 1-ші курс студенттерге стресс туралы тренинг өткізді. Тренинг барысында стресстен шығу жолдары, вербалды және вербалды емес қарым-қатынас түрлері түсіндірілді.

 

 

 

2017 жылдың 14 наурызында  Превентивті суицидология және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығының әдіскері Дузелбаева А.Б. «Авторлық құқық және аралас құқық. Меншікті өнеркәсіп обьектілері өнертабыс және пайдалы модель ретінде.  Меншікті өнеркәсіп обьектілеріне электрондық сұраным беру» тақырыптары бойынша «Интеллектуалды меншіктің ұлттық институты» филиалы өткізген семинарға қатысты.

 

 

2017 жылдың 16 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ «Превентивті  суицидология және ЖОО арналған инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталық» ғылыми-практикалық орталығының директоры, п.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессор З.А.Мовкебаева кезекті Абай атындағы ҚазҰПУ ректорат мәжілісінде «Об организации образовательного процесса для лиц с ограниченными возможностями в университете» тақырыптағы баяндама жасады.

 

З.А.Мовкебаева қатысушыларды мүмкіндіктері шектелген студенттерге арнайы жағдайлар жасау, университетте оқу-әдістемелік, ақпараттық-бейімділік және материалдық-техникалық қамтамасыз ету бойынша перспективалық мақсаттарымен таныстырды. 

 

 

2017 жылдың 16 наурызында Абай атындағы ҚазҰПУ «Превентивті суицидология және ЖОО арналған инклюзивті білім берудің Ресурстық кеңес беру орталық» ғылыми-практикалық орталығының директоры, п.ғ.д., Абай атындағы ҚазҰПУ профессор З.А.Мовкебаева және осы орталығының әдіскері Б.М.Маженов Зағип және көзі нашар көретін Қазақстан Республикасы азаматтарына арналған Республикалық китіпхана және Қазіргі замангы өнер мұражайымен (Мәскеу қ., Ресей) бірге ұйымдастырылған «Прошлое на кончиках пальцев» атты инклюзивті білім беру жоба туралы презентацияға қатысты.

 

 

2017 жылдың 14 наурызда Ресурстық орталығының әдіскері С.Т.Исалиева жалпы және қолданбалы психология кафедрасында арт-терапия бойынша екінші тренинг өткізді. Тренингке психологиялық қоғамның мүшелері - Абай атындағы ҚазҰПУ студенттері қатысқан.

 

 

 

Превентивті суицидология және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығының директоры п.ғ.д., профессор Мовкебаева З.А. және аталған центрдің әдіскері Дузелбаева А.Б. алғаш рет Қазақстанда «Этнопедагогические подходы в инклюзивном образовании» атты оқу құралы құрастырылып, басылымға шықты. Оқу құралы инклюзивті білім беруді кіріктіру жағдайында халықтық педагогика құралдарымен қоғамда толеранттылықты тәрбиелеу бойынша тәжірибелік ұсыныстарды кіріктіреді.Оқу құралында инклюзивті білім беру ұйымдарында ерекше білім қажеттіліктері бар балалармен оқу-тәрбиелеу үрдісінде қолданатын этнопедагогикалық құралдар, формалар және тәсілдер ұсынылған. Педагогикалық білім беру студенттері, жоо-ы оқу орны оқытушылары, жалпы білім беру мектептерінің мұғалімдері үшін ұсынылады.

 

03.03.2017 ж. Ресурстық орталығының әдіскері М.С.Ибашова № 1 жатақханада туратын 1-ші курс студенттерге тренинг жүргізді. Тренинг қарым-қатынас дағдыларына арналды, бастамасында екі ойын ойнатылды. Ойынның мақсаты студенттер арасындағы қысылу, ұялу сезімдерін сейілтіп, тренингке шабыт беру.

 

 

2017 жылдың 22 ақпан күні Превентивті суицидология және ҚР жоғары оқу орындарында инклюзивті білім берудің ресурстық кеңес беру орталығының директоры Абай атындағы ҚазҰПУ-ң профессоры, п.ғ.д. З.А. Мовкебаева Абай атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық опера және балет театрында, Қазақстан Республикасының Президенті, ҚР ҰҒА академигі Н.Ә. Назарбаевтың қатысуымен өтетін Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының 70-жылдық мерейтойына арналған Жалпы жиналысының салтанатты сессиясына қатысты.

 

 

20.02.2017 ж. Ресурстық орталығының әдіскері М.С.Ибашова № 3 жатақханада  туратын 1-ші курс студенттерге тренинг жүргізді. Кезекті тренининг барысында студентт