қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
25.01.2021

Абайтану бойынша ІІІ Республикалық олимпиада


2021 жылдың 24 қаңтарында Абай атындағы РММИ дарынды балаларға арналған қазақ тілі мен әдебиетін тереңдете оқытатын орта мектеп - интернатында РММИ директоры Роза Сексенова Ербосымқызының ұйымдастырумен «ІІІ Республикалық Абайтану олимпиадасы» өтті.

Іс-шара барысында Абай атындағы ҚазҰПУ Филология және көптілді білім беру институтының оқытушылары - доцент Е.Молдасанов, «Үздік педагог-2019» номинациясының жеңімпазы Ж. Абитова, PhD С. Сыздықов «Кәсіп болашаққа - бастар жол» тақырыбында онлайн сөз сөйлеп, қонақтарды және 9-10-11 сыныптардың 250 - ден астам оқушыларын, түрлі облыстардың жеңімпаздарын университеттің тарихы, оның әлемдік білім беру нарығындағы орны, мамандықтары, жеңілдіктері, халықаралық ынтымақтастығы туралы хабардар етті.

Кездесуде Е.Молдасанов Алматы қаласындағы РММИ директоры Роза Сексенова мен университет ректоры Такир Балықбевтың, Филология және көптілді білім беру инcтитутының директоры Алуа Таңжарықованың, академик С.Қирабаев атындағы Қазақ тілі мен әдебиеті қафедрасының меңгерушісі Нағима Ильясованың арасында ғылым, білім салалары бойынша ынтымақтастық стратегиялық келісім шарттар жасалғандығын, осы стратегиялық жоспар бойынша біршама жұмыстардың атқарғандығын айтты. ІІ Республикалық Абайтану олимпиадасының жеңімпаздарын ректорат ұжымы атынан құттықтап, Абай атындағы РММИ директоры Роза Сексеноваға алғысын білдірді.