қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
03.02.2021

«Кәсіби бағдар болашақ мамандық таңдауда маңызды» қалалық онлайн-форумы өтті

 


 

Жаратылыстану және география институтының маркетинг бөлімінің ұйымдастыруымен мектеп бітіруші түлектерге кәсіби бағыт-бағдар беру жұмыстарын іске асыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ-да «Кәсіби бағдар болашақ мамандық таңдауда маңызды» қалалық онлайн-форум өткізілді.

 

Көлденең циклді басқару құрылымының маркетинг бөлімінің жауапты мамандары Ерлан Бірталаев, Альбина Бейкитова, Айжан Сагимбаева, Жанар Жақсибаева, Нұрсұлтан Бақанов ұйымдастырған форумға Алматы облысы, Қапшағай қаласының орта мектеп гимназиясы және Қызылорда облысы, Шиелі ауданының №252 орта мектебінің директорлары, оқу ісі жөніндегі орынбасарлары, мұғалімдер, сынып жетекшілері, бітіруші түлектер қатысты.

 

Кәсіптік бағдар беру - қоғамның қажеттілігіне қарай әрбір оқушының қабілеттілігі мен бейімділігін ескере отырып, кәсіпке қызығушылығын қалыптастыруға және болашақ мамандығын саналы түрде таңдауға көмектесуде, мақсатты атқарылатын жұмыс. Кәсіптік бағдар беру жұмысы жас ұрпақтың саналы түрде болашақ мамандығын қателеспей таңдауға мүмкіндік жасайды.

 

Форумда Абай университеті туралы видеоролик көрсетілді. Іргелі оқу орнының білім мен ғылым саласында жеткен жетістіктеріне тоқталып, сұранысқа ие мамандықтар жайлы толыққанды мағлұматтар берілді. Кездесу аясында оқушылар мамандықтар жайында ақыл-кеңестер, керекті ақпараттар алды.

 

 

03.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz