қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
03.02.2021

«I teach in English» жобасы жаңа мүмкіндіктерге жол ашады

 


 

Абай атындағы ҚазҰПУ-да 2018 жылдан бастап «I teach in English» жобасы жүзеге асып жатыр, деп жазады Egemen.kz

 

Мақсаты - магистратураға түсу үшін 4 курс студенттерінің тілдік дағдыларын қалыптастыра отырып, ағылшын тілі емтиханына, IELTS, TOEFL тестілеріне тегін дайындау. Осы жобаның тиімділігінің нәтижесінде 2018-2019 жж. - 20 қатысушының 18-і магистратураға түссе, 2019-/2020 жж. - 60-тан 41-і, 2020/2021 оқу жылында 40 қатысушының 38-і оқуға түседі деп болжануда.

 

Университет ректоры Такир Балықбаев бұл нәтижелер студенттердің әрі қарай білім алуы үшін жобаның қаншалықты маңызды екендігін айтады. «Құрметті студенттер! Мен сіздерді ағылшын тілін тегін жетілдірудің керемет мүмкіндігін жіберіп алмауға шақырғым келеді.Мемлекет пен университет басшылығы студенттеріміздің сапалы білім алып, сұранысқа ие маман болып шығуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасауда. Жобаға және оның жаңа қатысушыларына сәттілік тілеймін» деп атап өтті ректор.

 

 

 

 

 

03.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz