қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
08.02.2021

Семестрдің үздік қызметкерлері анықталды

 


 

2021 жылдың қаңтар айында университет профессор-оқытушылар құрамының кәсіби деңгейін арттыру, қызметкерлердің мансаптық өсуі мен белсенділігін ынталандыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ «Парасат» орталығы ағымдағы оқу жылының бірінші семестрінің қорытындысы бойынша «Семестрдің үздік қызметкері» конкурсын өткізді. Университеттің жеті институты мен факультетінің студенттері арасында сауалнама жүргізілді.

 

 

Конкурс барысында қызметкерлердің білім және ғылым саласындағы жұмыс өтілі (кемінде үш жыл) мен жетістіктері ескерілді. Сауалнама нәтижесінде үздік сегіз оқытушы анықталды.

 

Университет ректоры Такир Балықбаев «Семестрдің үздік қызметкері» конкурсының жеңімпаздарын құттықтап, университет атынан мақтау қағаздар мен қаржылай сыйақы табыс етті.

 

Іс-шараға Абай атындағы ҚазҰПУ әдеп және сыбайлас жемқорлыққа қарсы тәуекелдер жөніндегі уәкіл Серікбай Нұрғисав қатысып, өзі басқаратын салада атқарылып жатқан жұмыстардың маңыздылығын атап өтті. Үздік оқытушыларды таңдай отырып, студенттер тек олардың кәсіпқойлығына ғана емес, сонымен қатар жеке қасиеттеріне - адалдық, парасаттылық және жауапкершілікке баса назар аударғаны атап өтілді.

 

2020/2021 оқу жылындағы институттар бойынша бірінші семестрдің үздік қызметкерлері


Институттар Семестрдің үздік қызметкерлері 
1 Филология және көптілді білім беру инcтитуты Балтабаева Жаңалық Қылышқызы
2 Өнер, мәдениет және спорт институты Құрманәлі Иса Мейрамғалиұлы
3 Тарих және құқық институты Мадалиева Жаныл Кайыржановна
4 Жаратылыстану және география институты Батырова Комус  Ислямовна
5 Математика, физика және информатика институты Ошанова Нұржамал Тұрашқызы
6 Педагогика және психология институты Асанханова Жанна Жеткербайқызы
7 Сорбонна - Қазақстан институты Нұрғалым Кәдір Салықұлы
8 Шетелдік азаматтарға арналған және жоғары оқу орнына дейінгі дайындық факультеті (Foundation) Оразбаева Хадиша Кәдірқызы

 

 

 

08.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com