қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
11.02.2021

Ректор Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен құттықтады

 


 

Бүгін, 11 ақпанда Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің ректоры Такир Балықбаев өзінің Facebook парақшасында ғылым саласында жүрген нәзік жандыларды Біріккен ұлттар ұйымының Бас ассамблеясының шешімімен 11 ақпанда аталып өтетін Ғылымдағы әйелдер мен қыздардың халықаралық күнімен құттықтады.

 

«Бұл мереке әйелдер мен қыз балалардың ғылымға толық және тең қол жеткізуіне және олардың құқықтары мен мүмкіндіктерін қамтамасыз етуге, сонымен қатар, ғалым нәзік жандыларға демеу көрсетуге және олардың өмірдің түрлі салаларында зерттеу қызметіне қатысуын жандандыруға бағытталған. Біздің университетте отандық және әлемдік ғылымның дамуына үлкен үлес қосқан әйелдер қауымы аз емес. Олар тек ғылыми-зерттеу жұмыстарында ғана емес, сонымен қатар университетіміздің барлық салаларында - білім беру мен жастарды тәрбиелеуде, халықаралық ынтымақтастық пен қоғаммен байланысты орнатуда жоғары нәтижелер көрсетуде. Бірақ мұндай үлкен жауапкершілікке қарамастан, олар нәзік жандылар және әріптестер болып қала береді. Біздің ғалымдарымызға жаңа табыс, амандық және жеке бақыт тілеймін!» деп жазды ректор.

 

 

11.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com