қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
12.02.2021

Ауғанстан соғысы ардагерлеріне арналған сурет көрмесі


 

Алматы қаласының Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің бастамасымен ҚР Тәуелсіздігіңің 30 жылдығына орай, өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Н.Сац атындағы Балалар және жасөспірімдер академиялық орыс театрында Ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Отқа оранған жастық шақ» тақырыбындағы сурет көрмесі ұйымдастырылды, - деп хабарлайды Абай атындағы ҚазҰПУ баспасөз қызметі.

 

Көрмеге Ауған соғысының ардегерлері, жас суретшілер қатысты. Іс-шарада Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Кенеев Ринат Бақдаулетұлы құттықтау сөзін сөйлеп, ардагерлерді және ұжымды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады. Сонымен қатар, отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы еңбектері үшін Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының оқытушылары Ырыстанұлы Базар (Шығармашылық жұмысы: Бейбітшілікті аңсау) «Ауғанстан ардагерлері» республикалық қоғамдық бірлестігінің батыр Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен, Иманбакиев Ернат (Шығармашылық жұмысы: Достар әні) «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен және құрмет громаталарымен марапатталды.


Көрмеге көрермендер ыстық ықластарын білдірді. Көрмеге қойылған жас оқытушыларымыздың жұмысы жоғары дәрежеде бағаланып, «Ауғанстан ардагерлері» ұйымының қорына алынды.

 

 

12.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: bilimdinews.kz