қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
12.02.2021

Ауған соғысы ардагерлеріне арналған көрме

 



Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімі аппаратының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен ел тәуелсіздігіңің 30 жылдығына орай өскелең ұрпақты ұлтжандылыққа, Отан сүйгіштікке тәрбиелеу мақсатында Н.Сац атындағы Балалар және жасөспірімдер академиялық орыс театрында ауған соғысы ардагерлеріне арналған «Отқа оранған жастық шақ» тақырыбындағы сурет көрмесі өтті.

 

Көрмеге ауған соғысы ардегерлері, жас суретшілер қатысты. Іс-шарада Алматы қаласы Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Ринат Кенеев құттықтау сөзін сөйлеп, ардагерлерді және ұжымды аудан әкімінің алғыс хаттарымен марапаттады.


Сонымен қатар, отан қорғаудағы және жастарға патриоттық тәрбие беру жолындағы еңбектері үшін Абай атындағы ҚазҰПУ, Өнер, мәдениет және спорт институты «Көркем білім» кафедрасының оқытушылары Базар Ырыстанұлы (Шығармашылық жұмысы: Бейбітшілікті аңсау) «Ауғанстан ардагерлері» Республикалық қоғамдық бірлестігінің батыр Бауыржан Момышұлы атындағы «Батыр шапағаты» төсбелгісімен, Ернат Иманбакиев (Шығармашылық жұмысы: Достар әні) «Құрметті ұстаз» төсбелгісімен және құрмет грамоталарымен марапатталды.

 

Көрмеге көрермендер ыстық ықыластарын білдірді. Көрмеге қойылған жас оқытушылардың жұмысы жоғары дәрежеде бағаланып, «Ауғанстан ардагерлері» ұйымының қорына алынды.

 

 

12.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: aikyn.kz