қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
15.02.2021

«Цифрлық педагог» тақырыбында біліктілікті арттыру курстары өткізілді

 


 

2021 жылғы 8-12 ақпан аралығында Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Біліктілікті жетілдіру және қашықтан оқыту орталығы университеттің профессор-оқытушылар құрамына педагогтардың цифрлық сауаттылығын және құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында «Цифрлы педагог» тақырыбында 40 сағаттық қашықтан оқыту режимінде курс өткізілді.

 

Тестілеу орталығының басшысы Даража Исабаева курс тыңдаушыларын Dig Comp Edu оқытушылардың цифрлық құзыреттілігінің әр түрлі бағыттарымен таныстырды:

-кәсіби педагогикалық ортада цифрлық технологияны қолдану;

- цифрлық білім беру ресурстарын іздеу, құру және бөлісу бойынша кәсіби дағдыларды дамыту;

- оқытушыларға цифрлық құралдарды оқыту мен оқуда қолдану үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру;

- оқытудың нәтижелерін бағалаудың цифрлық құралдарын білу;

- білім алушылардың білім беру мүмкіндіктерін кеңейту үшін цифрлық құралдарды қолдану.

 

Тәжірибелік сабақтарда қашықтан оқыту курсын құрастыруды жеке және топтарда талдап, өз сабақтарында цифрлық ресурстарды қолдануға машықтанды.

 

 

15.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: kazgazeta.kz