қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
17.02.2021

Біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды


Біліктілікті арттыру мақсатында Абай атындағы ҚазҰПУ білім беру қызметкерлерінің түрлі санаттарына - оқытушыларға, докторанттар мен магистранттарға, оқулық авторларына, әдіскерлер мен оғытушыларға арналған біліктілікті арттыру курстарын ұйымдастырды.

 

Біздің Біліктілікті арттыру және қашықтан оқыту орталығы 2021 жылы 8-12 ақпан аралығында университет оқытушыларына «Цифрлық педагог» тақырыбында курстар өткізді.

 

Болашақ мұғалімдерді даярлау сапасын арттыруға ықпал ететін курс 15 ақпаннан басталып, онда «Сабақты зерттеу (Lesson Study) мен іс-әрекеттегі зерттеуді (Action Reseach) ұйымдастыру және жүргізу, Критериалды бағалау контекстіндегі тапсырма құрастыру технологиясы» тақырыптарын қамтитын болады.

 

Мектеп оқулықтарының авторлары үшін 1 наурыздан бастап «Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайындағы заманауи мектеп оқулығы» тақырыбында курс өткізіледі. Курс оқулық авторларына орта білім берудің заманауи тәсілдерін жүзеге асыруға көмектеседі.

 

17.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz