қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
19.02.2021

«Өмір - өнер» шығармашылық көрмесі өтті

 


 

Көрмеде Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтында «Жасампаз» сурет галереясында «Өмір - өнер» шығармашылық көрмесі өтуде, деп хабарлайды Еgemen.kz

 

Көрмеде университет оқытушылары мен түлектерінің шығармашылық жұмыстары ұсынылған.

 

Жастар арасында бейнелеу өнерін насихаттау, студенттерге рухани-адамгершілік білім беру және олардың мәдени дамуы, сонымен қатар университетіміздің талантты оқытушылары мен түлектеріне қолдау көрсетуді мақсат ететін көрмелер университет қабырғасында жиі ұйымдастырылып тұрады. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың шетелдік студенттері мен Халықаралық ынтымақтастық департаментінің қызметкерлері де осы көрмені тамашалап, шығармашылық өкілдерінің өнердегі қадамдарына сәттілік тіледі.

 

 

19.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz