қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
23.02.2021

«Brain fight» интеллектуалды ойыны өтті

 


 

2021 жылдың 18 ақпанында Жаратылыстану және география институтының студенттік өзін-өзі басқару ұйымының ұйымдастыруымен оффлайн форматта оқып жатқан 1-курс студенттері арасында №1 оқу ғимаратының 622-ші аудиториясында «Brain fight» интеллектуалды ойыны өтті. Ойын мақсаты - студенттердің білімге, оқуға құлшынысын арттыру, студенттік өмірде белсенділіктерін арттыру, жылдам ойлауға, шапшаңдыққа үйрету, бәсекеге қабілеттіліктерін арттыру болып табылады.

 

Іс-шараны институт директоры, профессор Күләш Дүйсенбайқызы Каймулдинова ашты. Сайыстың әділқазы алқалары қатарында деканаттың белді мүшесі Нұрсая Амангелдіқызы Базарбекова, институттың үздік студенті Асылзат Қалижанқызы Қалдарбек, Химия магистрі, оқытушы Маржан Бахитовна Ахтаева болды.

 

Жалпы сайыс 4 кезеңнен тұрды: Таныстыру; Капитандар сайысы; Бейне сұрақ; Қызық екен сайысы. Әрбір кезеңде барлық топтар белсенділік танытып, өздерінің білімдерін дәлелдеп, ойынның қызу өтуіне атсалысты.

 

Шара барысында институтымыздың белсенді студенттері Мырзабек Дінмұхамет «Ата толғауы» күйін, Утешбаев Сұлтан Ұлы Абай атамыздың «Көзімнің қарасы» атты шығармасын орындап, жоғарғы деңгейде өз өнерлерін көрсетті.

 

Сайыс соңында әділқазылар нәтижесі бойынша 1-орынды «Жаратылыс» тобы, 2-орынды «O Mg» тобы, 3-орынды «Жас химиктер» тобы иеленді. Жеңімпаздарды әділқазылар алқасы институт атынан марапаттады. Іс-шараны қорытындылай келе, Жаратылыстану және география институтының директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Нұрлан Тұрсынбекұлы Манапов барлық қатысушылар мен ұйымдастырушыларға алғысын білдіріп, болашақта жетістіктерге жете беруге тілек білдірді.

 

 

23.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com