қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.02.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ студенті сурет көрмесінде бірінші орынға ие болды


Абай атындағы ҚазҰПУ Өнер, мәдениет және спорт институтының «6В01403 - Көркем білім, графика және жобалау» білім беру бағдарламасының 1 курс студенті Тоқтарбай Жігер көркем білім кафедрасының профессоры, Қазақстан Республикасы Суретшілер одағының мүшесі Серғазы Құсайынұлы Жаманқараевтың жетекшілігімен халықаралық шығармашылық конкурста «Туған өлке» және «Дастархан» натюрморт жанрындағы шығармалар бойынша бірінші орынды жеңіп алды. Авторға сыйлық 2021 жылдың 23 ақпанында берілді.