қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
24.02.2021

Абай атындағы ҚазҰПУ әлемдік инклюзивті және арнайы білім беруді дамытуға қатысады

 

2021 жылы 24 ақпанда Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына арналған инклюзивті білім беру Ресурстық орталығының директоры, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры З.А. Мовкебаева Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекеттердің инклюзивті және арнайы білім беру саласындағы оқытушылар мен мамандарды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру жөніндегі базалық ұйымы Қоғамдық кеңесінің мүшесі ретінде онлайн-отырысқа қатысты. Қоғамдық кеңестің негізгі ұйымы - М.Танк атындағы Беларусь мемлекеттік педагогикалық университеті.