қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
24.02.2021

«Менің пірім- Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысы

 


 

Абай атындағы ҚҰПУ-інде Жыр алыбы Жамбыл Жабаевтың 175 жылдығына арналған «Менің пірім-Сүйінбай» халықаралық жас ақындар айтысының ақтық кезеңі 19 ақпанда өтті. Ақтық кезеңге 12 ақын қатысып, бақ сынасты.

 

Шара шымылдығы «Менің пірім - Сүйінбай» бейнеролигімен ашылып, «Сүйінбай сазы» фольклорлық-этнографиялық ансамбль әншілерінің орындауында «Жамбыл атама» әні шырқалды.

 

Өнер додасын университет ректоры Такир Балықбаев ашып, барлық қатысушыларған сәттілік тіледі. Шара барысында «Жамбылдың мәңгілік жарқын жолы» ғылыми мақалалар жинағының тұсаукесері өтіп, жаңа туындының тұсауын университетіміздің ректорымен бірге «Nur Otan» партиясы Алматы қалалық филиалы төрағасының орынбасары Қайрат Бисембаев, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, Халықаралық Жамбыл қорының төрағасы Манарбек Ізбасар кесті.

 

Айтысқа түскен жас ақындардың өнерін Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері Жүрсін Ерман бастаған айтыс өнерінің саңлақтары қазылық етті. Қазылар құрамында Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, халықаралық, республикалық айтыстардың жүлдегері, ақын Серік Қалиев, «Айтыстың ақтаңгері», белгілі айтыскер ақын, «Құрмет» орденінің иегері Бекарыс Шойбеков, 2020 жылғы «Алтын домбыра» иегері, айтыскер Рүстем Қайыртайұлы, Қазақстанның еңбек сіңірген әртісі, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты Ержан Қосбармақ, Қазақстан Республикасының мәдениет қайраткері, «Халықаралық Жамбыл» қорының төрағасы Манарбек Ізбасар, Абай атындағы ҚазҰПУ профессоры, филология ғылымдарының докторы Темірхан Тебегенов болды.

 

Жастардың жыр бәйгесін Бекарыс Шойбеков арнаумен ашты.

 

Айтыс қорытындысы бойынша «Nur Otan» партиясының арнайы жүлдесін Қожа-Ахмет Яссауи атындағы ХҚТУ студенті Гүлжан Ықылас (Қытай халық республикасы) иеленді. «Сүйінбай Аронұлы» атындағы арнайы жүлдемен Т. Жүргенов атындағы ҚазҰӨА студенті Жанарыс Тілеубек, «Жүрсін Ерман» атындағы арнайы жүлдемен Қарағанды МТУ студенті Бекарыс Оспанов, «Оразалы Досбосынов» атындағы арнайы жүлдемен Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Жамали Айбын марапатталып, әрбір ақынға 60 000 теңгеден ақшалай сыйлықтар табысталды. Халықаралық Жамбыл қорының жүлдесіне Қ.Жұбанов атындағы АӨУ Қайырхан Жұбаниязов, «Есенқұл Жақыпбек» жүлдесіне Қайнар академиясының студенті Расуыл Сауытбек ие болып, 50 000 теңгемен марапатталды.

 

Айтыс қорытындысы бойынша ІІІ орынға Шынарбек Тұрсын (Қытай халық республикасы), Қабдолла Бейсхан (Монғолия) және Алтынай Қанапия (Абай атынадғы ҚазҰПУ) орналасып, әрбір ақын 100 000 теңге сыйақымен марапатталды.

 

II орынды Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің студенті Нұрбол Жауынбаев пен Абай атындағы ҚазҰПУ студенті Данияр Нысанғалиев жеңіп алып, 150 000 теңге сыйақымен марапатталды.

 

Бішкек университетінің студенті Нұрсұлтан Малдыбаев І орын жеңімпазы атанып, оған 200 000 теңге көлеміндегі сертификат пен арнайы диплом табысталды.

 

Бас жүлдені әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Бекжан Базарбек жеңіп алып, 350 000 теңгелік сертификат пен арнайы дипломға ие болды.

 

Аламан додаға қатысқан 20 ақынның барлығы дерлік олжалы қайтты.

 

Айтысқа қатысқан барша жас ақындар университет басшылығы мен ұйымдастырушыларға үлкен ризашылығын білдірді.

 

24.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: turkystan.kz

 



540

Кері оралу