қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / Хабарландыру
17.09.2018

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламаcы

 

Дүниежүзілік банк пен ҚР Білім және ғылым министрлігінің Ғылым комитетінің қолдауымен Қазақстанда «Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламаcы іске қосылды.

 

Бағдарламаның негізгі мақсаты болашақта Қазақстанның экономикасына оң әсер ететін зерттеулерді ынталандыру, сондай-ақ біздің еліміздің адам әлеуетін сақтау және дамыту.

 

Гранттық бағдарлама әлемнің жетекші ғылыми және өндірістік ұйымдарының ресурстарын Қазақстанның индустриялық-инновациялық әлеуетін дамытуға жұмсауды көздейді. Шетелде бірлескен зерттеу тәжірибесін алған ғалымдар өз елінде өткізілетін зерттеулердің сапасын айтарлықтай жақсартады деп күтілуде.

 

Өтінімдерді қабылдау мерзімі 2018 жылғы 30 қыркүйекке дейін, Астана уақытымен сағат 18.00-ге дейін ұзартылады.

 

«Постдокторанттардың (PhD) зерттеулері мен тренингтерін қолдау гранттары» гранттық бағдарламаcы туралы толығырақ ақпаратты http://www.fpip.kz сайтынан, research_grants@fpip.kz  электрондық мекен-жайы бойынша немесе мына телефон бойынша алуға болады: + 7(717) 227 -71-21.


 

Қоғаммен байланыс жөніндегі бөлім