қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
26.02.2021

ҰБТ тапсыру ерекшеліктері «Ашық есік» күнінде талқыланды

 


 

Алматы облысы Талғар ауданының білім бөлімі, Талғар ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және 11-сынып оқушылары Абай атындағы ҚазҰПУ Тарих және құқық институты әлем тарихы кафедрасының ұйымдастырумен өткен «Ашық есік» күніне қатысты.

 

Іс-шараны Тарих және құқық институтының директоры Әділ Жүнісов ашып, барлық қатысушыларды осы іс-шарамен құттықтап, сәттілік тіледі. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы осы жылғы ҰБТ-ны өткізу ерекшеліктері туралы ақпарат берді.

 

Тарих және құқық институты директорының ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратказин Абай атындағы ҚазҰПУ-да жыл сайынға дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сыйы-2021» республикалық пәндік олимпиадасының ережесі бойынша ақпаратты, сондай-ақ Тарих және құқық институты директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев институттағы студенттерге арналған үйірмелер, клубтар мен оқуға берілетін жеңілдіктері бойынша жан-жақты ақпарат берді. Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары Руслан Сейтказиев және Еңлік Нұрмұқан ҰБТ-да Қазақстан тарихы мен әлем тарихы пәндері бойынша сұраққа дайындалу принциптері, сонымен қатар кафедрадағы білімберу бағдарламаларына оқуға түсуге арналған пайдалы кеңестер мен ақпараттармен бөлісті.

 

Іс-шара барысында әлем тарихы кафедрасының қазақ және орыс бөлімдерінде оқитын 1 және 2 курс студенттері де сөз сөйлеп, кафедраның білім беру бағдарламалары туралы видеороликті көрді.

 

Талғар ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және 11-сынып оқушылары кафедрада дайындалатын мамандықтар бойынша сұрақтарға жауап алды.

 

 

26.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: egemen.kz