қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет / БАҚ біз туралы
25.02.2021

«Ашық есік» күнінде биылғы ҰБТ ерекшеліктері талқыланды

 


 

Кеше, 24 ақпанда Тарих және құқық институты әлем тарихы кафедрасының ұйымдастырумен Талғар ауданының білім бөлімі, Талғар ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және 11 сынып оқушыларының қатысуымен «Ашық есік» күні өткізілді.

 

Іс-шараны Тарих және құқық институтының директоры Әділ Жүнісов ашып, барлық қатысушыларды осы іс-шарамен құттықтап, сәттілік тіледі. Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Кәсіби бағдар беру және білім алушыларды қабылдау орталығының директоры Нұрмұхан Әуесбекұлы 2021 жылғы ҰБТ-ны өткізу ерекшеліктері туралы ақпарат берді.

 

Тарих және құқық институты директорының ғылыми істер және халықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Мұхтар Мұратказин Абай атындағы ҚазҰПУ-да жыл сайынға дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын «Абай сыйы-2021» Республикалық пәндік олимпиадасының ережесі бойынша ақпаратты, сондай-ақ Тарих және құқық институты директорының тәрбие істері жөніндегі орынбасары Нұрболат Манапбаев институттағы студенттерге арналған үйірмелер, клубтар мен оқуға берілетін жеңілдіктері бойынша жан-жақты ақпарат берді.

 

Әлем тарихы кафедрасының оқытушылары Руслан Сейтказиев және Еңлік Нұрмұқан 2021 жылғы ҰБТ тестілеуінің Қазақстан тарихы мен әлем тарихы пәндері бойынша сұраққа дайындалу принциптері, сонымен қатар кафедрадағы білім беру бағдарламаларына оқуға түсуге арналған пайдалы кеңестер мен ақпараттармен бөлісті.

 

Іс-шара барысында әлем тарихы кафедрасының қазақ және орыс бөлімдерінде оқитын 1 және 2 курс студенттері де сөз сөйлеп, кафедраның білім беру бағдарламалары туралы видеоролик көрсетілді.

 

Талғар ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және 11 сынып оқушылары кафедрада дайындалатын мамандықтар бойынша мол мағлұматтар алып, өздерін қызықтыратын сұрақтар бойынша жауап алды. Іс-шара соңында Талғар ауданы мектептерінің тарих пәні мұғалімдері және 11 сынып оқушылары ұйымдастырушыларға өз алғыстарын білдірді.

 

 

25.02.2021 ж.

Ақпарат көзі: qazaq1913.com

 



419

Кері оралу