қазақша · русский · english
   
  Негізгі бет  Жаңалықтар
01.03.2021

Психология мамандығының «Ашық есік күні»

 

2021 жылдың 25 ақпанында Алматы қаласы мектептерінің 10,11 сынып оқушыларына кәсіптік бағдар беру мақсатында «Психология» мамандығы бойынша  Педагогика және психология институты, «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы, психология магистрі Диана Ордагулованың ұйымдастыруымен онлайн режимінде «Ашық есік күні» өтті. Мерекелік іс-шараны құттықтау сөзімен «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының жетекшісі, профессор Ақмарал Сатова ашты.  Өз сөзінде  ол институт мамандықтары мен оқыту бағыттары туралы ақпарат беріп, және соның ішінде «Психология» мамандығына ерекше тоқталды, оның білім беру, заң, әскери, денсаулық сақтау, ұжымды басқару, еңбек және жұмыспен қамту салаларындағы өзектілігін,  сонымен қатар, Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіндегі «Психология» мамандығы бойынша оқытудың ерекшеліктерін атап өтті.

 

Жоғары сынып оқушыларына мамандықтың мультимедиялық презентациясы көрсетілді, сонымен қатар болашақ студенттерге онлайн түрде оқу бөлмелері және зертханамен танысуға, оқу жағдайларын бағалауға мүмкіндік берілді.

 

Сонымен қатар, түлектерді мамандыққа тарту мақсатында «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Бақыт Жигитбекова мамандықтың практикалық қырлары туралы сөз етті. Сондай-ақ,  «Психология» мамандығының 2 курс студенті Алина Ибрагимова «Мамандық студент көзімен» тақырыбында презентация көрсетті. Сонымен қатар, «Әлеуметтік ғылымдар (Психология)» білім беру бағдарламасының аға оқытушысы Сәулет Тукебаева оқушылармен студенттердің педагогикалық тәжірибе барысындағы қызықты сәттері туралы әңгіме жүргізіп, тәжірибе базалары туралы баяндап, қызықтыратын сұрақтарына жауап берді.

 

Институттың кәсіптік бағдар беру жұмысына жауапты, аға оқытушы Бауыржан Жанкушков талапкерлерге Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетіне қабылдау ережелері мен түсуге қажетті құжаттар пакеті және оларды тапсыру мерзімі туралы, «Психология» мамандығы бойынша конкурстық іріктеуге қатысу үшін талап етілетін түсу емтихандары, шектік балл, жұмысқа орналасу мүмкіндіктері жөнінде толық ақпарат беріп, оқушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап берді.

 

Бағдарламаның бейресми бөлімі педагогика және психология институтының «Психология» мамандығы студенттерінің өнерімен толықтырылды.